Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Ақсу қаласына барды. Онда алдымен дауылдың салдарын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жылыту маусымына дайындық барысы да пысықталды. Шаһар жылуды №2-ші аудандық жылу қазандығынан алатын болады. Қазір онда жөндеу жұмыстары өтіп жатыр.

Ақсу шағын ауданында коммуналшылардың жұмысы бұл күні таңнан белсенді бола түсті. Құлағалы тұрған ағаштар кесіліп, аумақ тазаланды. Аймақ басшысы өткен жолғы қатты дауылдың салдары қайталанбау үшін ағаш кесумен шектелмеу керектігін айтты.

Ақсуда қатты дауылдың салдарынан 18 нысан зақымданды. Оның 12-сі қалыпқа келтірілді. Қалған әлеуметтік нысандар 20-шілдеге дейін жөнделеді деді қала әкімі Болатбек Шәріпов.

Көпқабатты үйлердің үстінде жылдар бойы тұрған антенналардың иелерімен жергілікті полиция инспекторлары жұмыс жүргізу керек деді, облыс әкімі.

Сондай-ақ, осы жердегі Энергетиков көшесінің тұрғындары аймақ басшысымен кездесіп, көкейдегі сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

Келесі кезекте әкім Ақсу ферроқорытпа зауытының №2-ші аудандық жылу қазандығында жүріп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Мында қазандықтар, құбыр желілері, сорғы құрылғылары ауыстырылып жатыр. Бұған 3 млрд теңге бөлініпті.

Ильяс Мужкенов, «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы - «Жылустанциясы»-ның операциялық директоры, бас инженері

Жалпы жылу қазандығына 3 млрд теңге бөлінді. Оның 1,5 млрд теңгесі мына қазандыққа кетті. Қалған 1 млрд коллектор, сорғылар, қалалық магистральға кетеді. Қалған ақша ішкі магистарльдарды жөндеуге, ауыстыруға жұмсалады. Ол зауыттың өзі қамтиды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Бірден айтайын қала биыл Ақсу ферроқорытпа зауытының РОК-2 жылу қазандығынан жылу алады. Қазір жөндеу кампаниясы жүріп жатыр. Ол жылыту маусымы басталғанға дейін жүреді. Қала осыған дейін алған жылуды алады. Жаңа қазандық бойынша сынақтар осымен төртінші рет жүргізіледі. Күлді шығару жүйесі тиісті деңгейде болмағандықтан, ол жұмысын толық көрсете алмайды. Сондықтан күл шығару жүйесін ауыстыру қажет. Жобалық шешімі дұрыс емес. Оны бұл жағдайда біз қабылдай алмаймыз.

Одан бөлек, облыс әкімі коллектордың жұмысымен танысты. Ақсуда 70-ші жылдардың басында салынған үш коллектор жұмыс істеп тұр. Мердігердің айтуынша, Ақсуда суды суару қазан айының басында аяқталады деп жоспарлануда. Жалпы жағдай уақытша деді аймақ басшысы.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Жаңа біз барған коллектор өте ұзын болады. Екіншісі Дөнентаев көшесінде өтеді. үшіншісі – Строительная көшесінің бойымен. Барлық коллекторлар проблемалық болып саналады, сол себепті жағымсыз иіс қала тұрғындарын мазалап отыр. Олардың барлығы 70 жылдары салынған. Дөнентаев және Строителей көшесінде ірі тығыздалу болып қалды. Сондықтан ол жерге мердігер ұйым қойдық. Екі коллектор енді тазаланады. Яғни ішіндегілердің барлығы тазаланады. Сондықтан иіс бері қарай шығады. Ол уақытша.

Сонымен, қазір дауылдан зақымданған аумақтардың 90 пайызы қалыпқа келтірілді. Бірақ облыс әкімі жұмыстардың бәсең жүріп жатқанына көңілі толмады. Ал, Алтынсарин көшесіндегі екі қабатты үйдің 16 тұрғынына сұрақтарын шешуге бірнеше нұсқа ұсынылған.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Үш вариант ұсындық. Біріншісі ол кезекке қайта келу. Екіншісі үйді қалпына келтіру. Оған 2 ай уақыт керек. Ал, үшінші вариант екінші қабатын алып тастап, қайта жөндеу. Шатырын бәрін жөндеу.ол жұмыстарға 7-8 ай керек. Кездесу өтті. Осы ұсыныстар берілді. Тұрғындар 3-4 күнге уақыт алды.

Осы ретте тұрғындардың пікірі де әртүрлі. 16 адамның төртеуі кезекке қайта келгісі келеді, 12 адам үйді қайта қалыпқа келтірумен келісіп отыр. Яғни тұрғындарға бірнеше нұсқа берілді, енді олар таңдауды өздері жасайды.

Самал Қалиқызы