Балаларға арналған ойын алаңында сыра ішіп, шылым шегетін адамдар жүрмеу керек. Сондай-ақ бұл нысанда орнатылған құрылғыларды тек жеткіншектер мен олардың ата-аналары ғана пайдалануы тиіс. Бұл туралы өңір басшысы Асайын Байханов Екібастұзға жұмыс сапары барысында айтты. Аулаларды аралау кезінде облыс әкімі бірқатар келеңсіз жағдайларға куә болды. Сондай-ақ сапар аясында аймақ басшысы қала мен ауылдық округтердегі әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап қайтты. Толығырақ – тілші сюжетінде.

Екібастұз ауылдық аймағының Қоянды ауылдық округіне 4 елдімекен кіреді. Халық саны 1000-нан асады. Ал, Қоянды ауылының өзінде 500-ге жуық адам тұрады. Олар жылдар бойы елдімекен мектебінің жағдайын жақсартуды сұраған еді.

Сонымен, биыл Екібастұз қаласының білім ошақтары жөндеуден өтіп жатыр. Қала бойынша 9, 13, 14, 16,17-ші мектептер осы жылы жаңартылды. Ең ауқымды жұмыстар мына Қоянды ауылындағы 14 мектепте жүргізілді.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі

Биылғы жылы мектептерді күрделі жөндеуді жалғастырудамыз. Биыл мәселелі 5 мектепте жұмыстарды бастадық. 500 млн-ға жуық тиісті қаражат бөлінді. Қазір жұмыстар аяқталды. Осы 14 мектепте ғана қалды. Тамыз айында аяқтаймыз деп отырмыз.

Қоянды ауылдық мектебінде сыртқы қасбетінен бастап спорт залы, кабинеттері жаңартылып, қалыпқа келтірілді. Сондай ақ, аумағы да абаттандырылды. Ал, бұл осы елдімекендегі салынып жатқан дене шынықтыру сауықтыру кешені. Жалпы сомасы 500 млн теңгеден асады. Кешен баскетбол, волейбол, күрес, теннис сынды спорт түрлерімен айналысуға арналған. Жоба екіжылдық, бірақ ертерек тапсыруға мүмкіндік бар деді мердігер тек қосымша қаражат қажет деді.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

АҚосымша қаржыландыру бойынша қарастырамыз. Бюджеттен қарастырамыз, қай жобаларды ертерек аяқтауға мүмкіндік болатынын. Жалпы республикадан 16 млрд теңгедей қаражат әлі алмадық, былтырғы жобалар үшін де. Сондықтан облыстық бюджеттен алуға тура келеді. Бұл жерде көреміз енді. Әзірге жылу маусымы жақындап келе жатқандықтан маңызды жобалар алдыңғы орында.

Сонымен қатар, Қоянды ауылында биыл жолдар да қалыпқа келтіріліп жатыр. Аймақ басшысы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында жұмыстарды кешенді жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, өңірде қазір 9 дене шынықтыру сауықтыру кешені салынып жатыр, екеуі биыл қолданысқа берілмек. Осы 9 нысанның кірпіштен салынып жатқаны- екеу деді, жауапты басқарма басшысы. Ал, бұл Екібастұз қаласындағы Әлия Молдағұлова 67 мекенжайы. Биыл 2.3 шақырым жол, жаяу жүргіншілер жолы асфальтталып, жарықтандырылып, балалар алаңы қойылды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Менің Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында байқайтыным. Балалар алаңында қоқыс жәшіктері бар ғой. Онда сыра бөтелкелері, темекі қалдықтары жатады. Тұрғындардың санасын бірлесе ояту керекпіз. Балалар алаңында шылым шегіп, сыра ішетін адамдар отырмау керек. Айтып отыру керек, ол ата аналар мен балаларға арналған деп. Егер байқасаңыздар, 102 бірден хабарласаңыздар.

Екібастұзда жалпы 280 аула болса оның 170-сі жаңартылды. Жылда 50 шақты аула орнатылады. Осылайша, бірнеше жылда жағдайды түзеп аламыз деді облыс әкімі. Ал, қала тұрғындары өз кезегінде алғысын айтты.

Екібастұзда аулаішілік аумақтарды асфальттауға биыл 400 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған. Қазір 6 аулада тиісті жұмыстар аяқталды. Оң нәтижесін беріп отырған аулалардың бірі мына Мәшхүр Жүсіп 48 көшесі, ауқымды жұмыстар қолға алынды.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі

Қазір 42 балалар алаңы жаңартылды. Қалған 8-інде жүріп жатыр жұмыстар. Тамыз айының соңына дейін аяқтау керекпіз. Екібастұздағы басты мәселелердің бірі жарықтандыру болды. 2022 жылы қыста келгенде өзіңіз көргенсіз, кешке уақытта тас қараңғы болатын. Былтыр 500 млн теңге, биыл 700 млн теңге бөлініп қарқынды жұмыстар жүргізілді. 77 аумақта жұмыстар аяқталды. Осы жылдың қараша айына дейін аяқтаймыз деп отырмыз.

Сонымен, Екібастұздағы аулаішілік аумақтарды жарықтандыру сұрағы биыл жабылуы тиіс. Қазір қаланы жарықтандыру бойынша 6 кезеңнің үш кезеңі аяқталды. Осы ретте, облыс әкімі жұмыстар атқарылып жатыр, енді оны тиісті деңгейде орындауға шақырды. Әсіресе қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Қаланы аралаған облыс әкімі тұрғындармен де кездесті. Екібастұздықтар соңғы жылдары жасалып жатқан оң өзгерістерге алғысын білдірді.

Самал Қалиқызы