«Қазақстан» телерадиокорпорациясы телевизиялық контентті цифрлық ортаға бейімдеуді жалғастырады. Бүгіннен бастап Корпорация 10 веб-телеарнаны іске қосты. Халықаралық тәжірибеде мұндай жүйе FAST TV (Free Ad-supported Streaming TV) атауымен белгілі және бүгінде Еуропа мен АҚШ-та кеңінен таралған.

Жыл сайын «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамындағы 4 республикалық және 14 аймақтық арна түрлі жанрдағы контент өндіреді. Олардың қатарында телехикаялар мен анимациялық фильмдер, деректі фильмдер, зияткерлік және ойын-сауық бағдарламалар, айтыс, театр қойылымдары мен концерттер, спорттық трансляциялар бар. Осы медиаконтент жанрлар бойынша жүйеленіп, QAZTV веб-телеарналар тобына біріктірілді: Олар: Qazaqstan Ulttyq Öner, Qazaqstan Retro, Qazaqstan Aitys,Qazaqstan Teatr,Qazaqstan Serial, Qazaqstan Derekti Film, Qazaqstan Mult,Qazaqstan Music,Qazaqstan Azil & Show, Qazaqstan Sport.

Барлық веб телеарналар SmartTV арқылы және qazaqstan.tv, qaztv.kz сайттары мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасында қолжетімді.