Жастар күніне орай ұйымдастырылған республикалық форум облыс орталығында екі күн өтеді. Елдің әр аймағынан келген қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылап, тиімді идеялармен бөлісуге жиналды.

Қатысушылар жастар орталығында бас қосты. Бұл шарада жетістікке жетіп, табандылығымен танылған қатысушылар өз тәжірибелерімен және идеяларымен бөлісті. Оған қоса, жастарға мемлекеттік бағдарламалар туралы қажетті ақпараттар айтылды.

Әділ Құсманов, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы

Менің негізгі мақсатым –еңбек нарығындағы тренд, «Болашақ» бағдарламасы жайында айту. Сонымен қатар, жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі бастамалар жөнінде сөз қозғау. Бұл — «өмір бойы білім алу» ұстанымына негізделген.

Қатысушылардың дені жұмысшы мамандық иелері. Мәселен, Жанаман Бақтуриев форумға арнайы Ақтау қаласынан келді. Мамандығы металлург.

Жастар кездесулер мен сессиялар барысында пайдалы ақпарат алып, арнайы бағдарламалар бойынша кеңеске қол жеткізді.

Байтұрсын Жұмабай