Биыл дана Абайдың дүниеге келгеніне 180 жыл. Осыған орай ел ойынша дүбірлі онкүндік мерекелер легі аяқталды. Алайда, әр түрлі танымдық, мәдени шаралар әрмен қарай жалғасуда. Қазақстанның халық әртісі Шахимардан Әбілев павлодарлықтарға Абай шығармашылығына негізделген моноспектакль ұсынды.
Абайдың маржан сөздері халыққа әр түрлі формада жеткізіліп келеді. Ал, моноспектакль Қазақстанда жалғыз. Осынай бірегей сахналық қойылым – Абайдың негізгі ой-тұжырымын жеткізуді көздейді.
Осылай деп ой-толғаға Абай артына ақыл сөзді қалдыруды мақсат етіп, қолына қалам алады. Сол қаламнан туған асыл ой бүгінгі қазақ руханиятының бағдары. Өлеңдері мен қарасөздері, әндері таусылмас қазына. Сол қазына сахнада оймен де, әнмен де өрілді.
Моноспектаклдің тұсауы бірнеше жыл бұрын Екібастұз сахнасында кесілген болатын. Содан бері міне 7-рет қойылды. Абай тойының онкүндігінде Семей халқына да ұсынылды.
Абай шуағы тараған моноспектакльді тамашалуға Павлодар халқы молынан жиналды. Республикалық жастар форуымна қатысушылар да келіп тамашалады.
Жанасыл Серікбол