Филиппин елінде өткен халықаралық биология олимпиадасында ел намысын қорғаған жас дарындардың бірі – жерлесіміз Ерсұлтан Қайыркен. Ол Павлодарда «Білім-инновация» лицей-интернатында білім алады.Қарапайым ауылдың қара домалағы, бүгін ел мақтанышына айналды. Ол тек олимпиадада жеңіс тұғырынан көрініп қана қоймай, ол кеше Мемлекет басшысының қолынан марапат алып, өміріндегі ең жарқын сәттерді бастан өткерді.

Ерсұлтан, Май ауданы, Баскөл ауылында туған. Үлкен шаңырақтағы төрт баланың кенжесі Ерсұлтанның бала күнінен сүйіп оқитын пәні — биология. Табиғаттың тылсым сырын тануға деген талпынысы оны биік белестерге жетеледі.

Ерсұлтан Қайркен, (IBO) олимпиадасының қола жүлдегері

Тамыз күні Қасым-Жомарт Кемелұлымен бізде кездесу өтті.Соның алдында көп репетиция жасап, дайындалдық.Ақордаға мен екі рет бардым,бірінші рет спикер ретінде, екіші рет жүлдегер ретінде. Енді ақорда керемет бір ғимаратөте әдемі үлкен. Қаншама естеліктер,әлі есімде қалатын сияқты осы кездерім.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қола жүлдегерлерге 2 млн теңге көлемінде ақшалай сертификат пен Ақорданың атынан арнайы марапат табыс етті. Ерсұлтан олимпиадаға дайындаған ұстазы Сансызбаев Жандос Қайратұлына шексіз алғысын білдіреді.Болашақта ұстаз болуды армандайды. Білімге құштар жас өреннің бүгінгі жетістігі ертеңгі ұрпаққа шабыт болары сөзсіз.

Дильназ Қуанышбекқызы