Аймағымызда «Мектепке жол» акциясы басталды. Шара 1 тамыз бен 30 қыркүйек күндері аралығында өтеді. Науқанға еліміздің кез келген азаматы өз септігін тигізіп, көмек қолын соза алады. Толығырақ келесі бейнесюжетте.

Оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Қазіргі уақытта өңірдің 12 мыңнан аса мектеп оқушысы көмекке зәру. Олар көп балалы, аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балғындар.

Самал Алимова, Павлодар облысы білім беру басқармасының балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің бас маманы

Акция барысында жүргізілетін негізгі іс шаралар бар. Олар қайырымдылық көмек көрсету. Ол мектепке қажетті құрал жабдықтар, киім, аяқ киім, парфтель мен кеңсе жабдықтары. Олар жергілікті білім бөлімдеріндегі әлеуметтік қорғау қызметкерлері мұқтаж отбасылардың тізімін жасайды. Мектептермен бірлесе отырып нақты көмекті қажет ететін балалар анықталады.

Аймақтың әр мектеп ұжымы өз оқушыларының тұрмыс тіршілігінен хабардар болуы тиіс. Себебі, материалдық көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін мектеп ұжымы жасайды. Тікелей ата-аналармен байланыста болып, оқу жылына керек заттарды құрастырады. Демеушілер акция шеңберінде балаларға кеңсе жарақтарымен киім кешек алып береді. Сонымен қатар мамандар акция барысында рейд, жәрмеңкелермен ақпараттандыру шараларын ұйымдастырады. Жалпы жылдан жылға демеушілік көмек көлемі артқаны байқалады.

Самал Алимова, Павлодар облысы білім беру басқармасының балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің бас маманы

Көмекке мұқтаж отбасылар тұрғылықты жері бойынша білім беру бөлімдеріне немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады.

Бұдан бөлек, жаңа оқу жылы басталғанға дейін әр демалыс күні жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Олар базар аумағында, аудан орталықтары мен үш қалада өтеді. Жәрмеңкеде ата-аналар мектеп оқушыларына қажетті киім-кешек пен кеңсе тауарларын арзан бағада сатып ала алады. Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясына кез келген жомарт азамат қатыса алады.

Әйгерім Тоқпанқызы