Енді Екібастұзды электр қуатымен қамту үшін Ақсу қаласы маңында пайдаланылмай жатқан энергия тартылатын болады. Қазір 4 ірі шаруашылыққа 5.8 мегаватт энергия жетпей тұр. Оны шешудің екі нұсқасы қарастырылды.
Келесі кезекте аймақ басшысы Екібастұзда жылыту маусымына дайындық барысын пысықтау үшін жиын өткізді. Онда қала әкімі Аян Бейсекин жылу магистарльдарының дайындық барысын баяндады.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі
Пайдаланушы ұйымның өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, тамыз-қазан айларында кеңейтілген жөндеу жүргізу жоспарлануда. Жылыту маусымы басталғанға дейін 7 қазандық дайын болады.
Қазіргі таңда Екібастұзда 2 және 7 жылу магистарльдарында жұмыстар аяқталды. Мердігер ұйымдардың алдында жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтау міндеті қойылды. Күзгі гидравликалық сынақтар кезінде 143 ақау анықталды. 54-і бүгінгі таңда қалыпқа келтірілді.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі
Жылу беру жүйесіне жүргізілген аудит бойынша бірқатар ұсыныстар жүргізілді. Осы ұсыныстарды негізге ала отырып, жұмыстар жүргізудеміз. Қалған жылу магистарльдарына арналған, қажетті ресурстар жоспарланған болатын. Басымдық етінде 4 ЖМ анықталды. Жоба құны 7 млрд теңгеден астам.
Екібастұз тұрғын үй қорының 407-сінде дайындық актілері бар. Ал, ауылдық аймақтағы әлеуметтік нысандарға көмірдің қажеттілігі 8710 тоннаны құрайды. Қазір 4 мың тоннадан астамы әкелінген. 105 әлеуметтік нысанның 89-ына дайындық актісі алынды.
Айдарбек Қыстаубаев, «Energy solutions center» ЖШС бас директоры
Бүгінгі күні 6 қазандықта толығымен аяқталды. Бір қазандық жөндеу жұмысын өткізіп жатыр. Тамыз айының соңына дейін 7 қазандық дайын болады. Тағы үш қазандықты жөндеу жұмыстарын өткіземіз. Бесінші қазандықты бүгін іске қосу жұмыстары жүріп жатыр.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Жаңағы жылу магистральдары 2, 7. Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Артынан еретін абаттандыру жұмыстары, учаскелерді қалыпқа келтіру жұмыстарды 10 қыркүйекке дейін аяқтау керек. Соны ескеріңіздер.
Жиынның кезекті сұрағы – энергия тапшылығын шешу. Екібастұз аймағының шаруалары суармалы жер аймағын ұлғайтқылары келеді, алайда қазір энергия тапшылығы сұрағы өзекті боп тұр.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі
Мәселелі сұрақты шешу үшін екі нұсқа қарастырылып отыр. Энергетика басқармасы мен Ақсу қаласы әкімдігімен бірлесе екі жол таңдалып отыр. Бірінші нұсқа қосымша қаражат пен уақытты қажет етеді. Ашық таратқыш құралы салынуы тиіс, жаңа подстанция салынуы тиіс, жобалық сметалық құжат құны 70-80 млн теңге, құрылыстың өзіне 2 млрд теңге қажет. Екінші нұсқа Ақсу қаласының қолданбай жатқан электрэнергиясын Екібастұз ауылдық аймағына тарату. Бүгінгі таңда 9 мегаватт энергия 15 қожалыққа таратылады, оның 8 мегаватты қолданылмайды.
Екібастұз қаласының әкімі техникалық мүмкіндіктерді кеңейту тек инфрақұрылым мәселесі емес, инвестициялардың өсуі, жұмыс орындарын құру және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру екенін атап өтті. Бұл ретте бюджеттен салынған әрбір теңгеге кемінде 10 теңге жеке қаражат тартылатынына сендірді. Облыс әкімі мәселені шешу үшін бюджеттік салымдардың орындылығын есептеу қажет екенін атап өтті.
Самал Қалиқызы