Жаяу Мұса Байжанұлының 190 жылдығына орай «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Еліміздің түкпір түкпірінен 10-нан өнерпаз қатысып, ән додасында бақ сынасты.
Жерлесіміз Жаяу Мұса Байжанұлының 190 жылдығы елімізде кең көлемде атап өтіліп жатыр. Әсіресе Павлодар облысы бұл мерейтойға ерекше әзірленді. Осы үлкен шараның бастауы - бүгінгі «Үш жүзге атым мәлім Жаяу Мұса» дәстүрлі әншілер додасы.
Серік Батырғұжинов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары
Бұл Ұлт руханиятының асыл мұрасына тағзым. Мәңгілік әуенге деген адалдықтың белгісі. Күміс көмей, жез таңдай әншілер бақ сынайды. Ән додасы жаяу Мұсаның өлмейтін, өшпейтін өнеріне шынайы құрметі деп біліңіздер.
Осы ретте, Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен айтыскер ақын Серік Құсанбаев марапатталды.
Дәстүрлі әншілер байқауына 12 өнерпаз келіп бағын сынады. Оларды әділ қазылар алқасының төрағасы бастаған Ерлан Рысқали сынды азаматтар бағалады.
Ерлан Рысқали, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші
Жалпы бұл ел академиктер мен генералдар шыққаны өз алдына, қазақтың руханиятына, оның ішінде ұлттық өнер әніміз бен күйімізге өлшеусіз үлес қосқан таланттардың мекені. Оның басында мерейтой иесі, Жаяу Мұса бабамыз тұрады. Майралар, Естай, Жарылғап берді, Байғабыл, Бісміллә Балабеков сияқты жүйрік өнер таланттар лек легімен жалғасын тауып келеді.
Байқау 2 кезеңнен тұрды. Әншілер сахнаға шығып Жаяу Мұсаның «Ақсиса», «Баянауыл», «Толғау», «Қамшылау», «Ләйлім» сынды әндері қалың көрерменге тартты.
Өзгеріс Шерікбай, дәстүрлі әнші
Жалпы дәстүрлі өнерге, ән өнеріне бастауыш мектепте оқып жүргеннен бастап халықтың алдына айта бастадым. Қазір Астана қаласында Е.Рахмадиев атындағы филармония әншісімін. Жаяу Мұсаның әндері менің табиғатыма, менің оң жаңбасыма көп әндері жақсы келеді. Теріс бұрауда айтқан өзіме айтқан қатты ұнайды. Сондықтан осы конкурсқа қатысуға үлес қосуға келіп қалдым.
Қатысушылар Абай, Ұлытау, Алматы, Ақмола облыстарынан келген.
Замира Солтанова, «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының басшысы
Биыл Жаяу Мұсаның 190 жылдығы атап өтіліп жатыр. Сол басы болып дәстүрлі әншілер байқауы өтііп жатыр. Республикамыздың түкпір-түкпірінен келіп жатқан қатысушылардың өнер додасы. 12 қатысушы, Алматы, Астана, Ақмола, Көкшетау, Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарынан қатысушылар бар.
Айта кетсек, байқау қатысушыларына бас жүлде 1 млн теңге, бірінші орынға 700 мың теңге, екінші орынға 500 мың теңге, үшінші орынға 350 теңге беріледі. Бұдан бөлек қатысушыларға сыйақылар мен арнайы жүлделер болды.
Самал Қалиқызы