2019 - жылы құрылып өз жұмысын бастаған билер кеңесі қазіргі уақытқа дейін 7 мыңнан астам істі қарады. Олардың барлығы дерлік азматтық дау-дамай, халық ішіндегі түйткілді мәселелер.

Би-ежелгі қазақ қоғамындағы беделді тұлға. Оның үкімі мен шешімі барша халық үшін заң болды. Қоғамды біріктіліп, халықты берекеде ұстаудың негізін осы билер атқарды. Бұл, дәстүр 6 жылдан бері заманауи түрде қайта жаңғырды. Пандемия кезінде сәл саябырсыған кеңес, соңғы жылдары қайтадан белсенділігін арттырды.

Билер кеңесі әрқашан жұмыстарын реттеп, болашақ жоспарларын бекіту үшін жиі бас қосады. Билер құрамында әр түрлі салада еңбек еткен тәжірибелі аға буын өкілдері бар. Бұрын сот, құқық қорғау саласында еңбек еткен ардагерлер де бұл бағытта белсенді.

Билер кеңесінің кабинеті Катаев көшесіндегі қалалық соттар ғимаратында орналасқан. Міне, кезеңті істі қарап, азаматтардың шағымын тыңдауда. Қоғамдағы түсінбеушілік, азаматтық даулар көп. Соттар бәрін қарап үлгере де алмайды. Сондықтан, көбі билер кеңесіне жүгінеді.

Күлжан Конадилова, Павлодар облысы билер кеңесінің мүшесі

Негізінен біздің құрамда өмірлік тәжірибесі бар адамдар жұмыс істейді. Адамдармен жылы қарым-қатынас орната алады. Бізге өкпе-реніш айту жеңілірек. Медиаторлар ақылы түрде жұмыс істедсе, біз қоғамдық ұйым ретінде тегін қызмет көрсетеміз.

Апта сайын сәрсенбі күндері қалалық соттар ғимаратының 142 кабинеті ашық. Алаңдатқан мәселе болса келіп, билерден шешімін сұрауға болады.

Жанасыл Серікбол