Қазақстан Бірінші лигасындағы 18-тур аясында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында Түркістан облысының «Жетісай» командасын қабылдады. Тартысты өткен матчта алаң иелері жеңіске жетті.
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ тартыс күшейді. 2-ші минутта «Ертіс» қорғаушысы Темірлан Торебек допты абайсызда өз қақпасына енгізіп алды. Дегенмен, көп ұзамай, 11-ші минутта Владимир Воменконың пасынан кейін Арман Смаилов есепті теңестірді.
30-минутта Воменко тағы бір нәтижелі пас беріп, шабуылшы Арман Кенесов «Ертісті» алға шығарды. Ал 79-минутта ойынға жаңа қосылған Матвей Герасимов шешуші гол соғып, кездесудің түпкілікті есебін белгіледі — 3:1.
Айта кетейік, павлодарлық команда келесі ойынын 21 тамызда Шымкент қаласында «Оңтүстік Академиясына» қарсы өткізеді.
Дильназ Қуанышбекқызы