Павлодарда 9 сынып түлектері контр страйк ойынында жарысты. Биыл алғаш рет қолға алынған жарыс жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті. Ұйымдастырушылар бұл Киберспорттың бір түрі деп отыр. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын.

Павлодар қаласындағы ақпараттық технологиялар колледжі жаңа оқу жылы қарсаңында өте ерекше шара өткізді. Онда қала мектептерінің 9 сынып түлектері арасында әйгілі Контр страйк ойыны бойынша жарысты. Жалпы жарыста 9 команда бақтарын сынады. Әр командада 5 қатысушыдан болды.

Аршат Жақыпбеков, №1 ЖООБМ оқушысы

Мен өзімнің мектебімнен мен және тағы бір бала. Қалғандары 9 бітірген басқа мектептерден. Мен 10 жасымнан ойнаймын. Анда режимдері болады. Беске бес екгіге екі ойнайды. Карталар барғ тактикаларға қарайды.

Counter-Strike бірнеше пайдаланушылармен немесе боттармен бірден ойнай алатын компьютерлік ойын. Ойында екі жақ бар: террористтер және контртеррористтер. Ойынның мақсаты — тапсырманы орындау немесе тірі қалып қарсы жақты құрту. Ойын раундтарға бөлінеді. Екі команданың да бар мақсаты раунд соңына дейін қарсылас команданы жеңу. Раундтарды ең көп жеңген команды матч жеңімпазы атанады.

Әсем Құрманғазина, ақпараттық технологиялар колледжі басшысының орынбасары

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында гейм-репаблик қолдауыменжарысын өткізіп жатырмыз. Басты мақсаты көшбасшылық құзыреттілігін дамыту. Жұмысшы мамандықтарды насихаттау. Киберспорт қой. Айти мамандықтарды дайындаймыз. Киберспорт болып табылады. Колледж ішінде де осындай шараларды өткізіп отырамыз. Қала төңірегінде түлектермен өткізіп көрмекші болдық.

Ойын соңында қатысушылар сертификаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Самал Қалиқызы