Павлодар облысында «Қазавиақұтқару» тікұшағы Екібастұз қаласынан Павлодарға санитарлық рейсті орындады. Реис арқылы мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж 2006 жылы туған науқас эвакуацияланды.

Науқасты тәжірибелі медицина қызметкерлері мен екі адамнан тұратын экипаж алып жүрді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, санавиация желісі бойынша кезекті ұшуды ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы орындаған.