Жаңа оқу жылы қарсаңында облыс орталығында «Балаларды мектепке даярлайық» қайырымдылық акциясы өтті. Шараны AMANAT партиясының облыстық және қалалық мәслихат депутаттары ұйымдастырды.
Бұл күні 6 мен 19 жас аралығындағы 50 балаға спорттық және классикалық үлгідегі екі жұп аяқ киім, кеңсе тауарларымен толық жабдықталған мектеп сөмкелері табысталды.
Асылбек Туғанбай, облыстық мәслихат депутаты
Бұл науқанға жалпы кез келген азамат қатыса алады.Науқанның маңыздылығы мектеп басталатын уақытта баласын мектепке дайындайтын ата-ана жағдайы төмен, көп балалы отбасылар болатын болса сол кісілерге мектеп киімімен көмектесетін акция. Бұл жерде балалар өздері келіп қалаған киімді таңдап ала алады. Барлығы тегін түрде көмек көрсетіледі.
Қайырымдылық шарасына дағдарыс орталығында тәрбиеленіп жатқан 20 бала және AMANAT партиясының облыстық филиалына жүгінген аз қамтылған отбасылардың оқушылары қатысты.
Салтанат, ата-ана
Аманат партиясына көптен көп рақмет айтқым келеді. Осы оқу жылына бізге көмек жасағандары үшін. Қыздарым екеуі таңдап алды өздеріне керек заттарын. Қуаныштымыз осында келгеніміз үшін.
Балаларға арнайы тәтті сыйлықтар таратылып, мерекелік атмосфера ұйымдастырылды. Айта кетейік, қайырымдылық акциясы тамыз айының соңына дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар кез келген азаматты игі іске атсалысуға шақырады.
Дильназ Қуанышбекқызы