Павлодарда пациент донор болуға келісім беріп, үш адамның өмірін құтқарды. 1982-жылы туған азамат ауыр бас ми жарақатымен аурухана түсіп, бақилық болған. Оның туыстары ауыр да болса, игілікті, яғни, қайтыс болғаннан кейін донор болуына шешім қабылдаған.
1982 жылы туған ер адам өткен аптада ауыр бас-ми жарақатымен ауруханаға түскен. Дәрігерлер науқасты аман алып қалу үшін барлық шараны қолданған. Алайда жағдайы күннен-күнге нашарлай беріпті. Науқастың көзі тірісінде келісікен, не болмаса қарсы екендігі туралы шешім болмаған. Алайда, туыстары келісім беріпті.
Дмитрий Потеребух, аймақтық трансплантология үйлестірушісі
Жақында ғана номері бірінші қалалық аурухана базасында бір науқастың туыстары донор болуға келісті. Оның жүрегі мен екі бүйрегі алынды. Органдар сәтті түрде басқа науқастарға берілді. Қазір олар отадан кейінгі қалыпқа келтірілу үстінде.
Донор болуға әркім келісе бермейтіні түсінікті. Әрбір азамат тірі кезінде «иә» немесе «жоқ» деп шешім қабылдап, құжат түрінде рәсімдесе де, негізгі сөзді ең жақын туыстары – ата-анасы немесе балалары айтады.
Рүстем Омаров, Павлодар облысының стационарлы трансплантология үйлестірушісі
Трансплантологияның негізгі мәселесі халыққа жетклікті түрде түсіндірілмеуі. Жұртшылықтың сенімінің болмауы. Бүкіл Қазақстан бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Әлеуметтік желілер арқылы үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Донорлық тақырыбында жазатын донорлар блогерлер де көбейді.
Павлодар облысында қазіргі уақытта 214 адам орган ауыстыру кезегінде. Оның 199 ы– бүйрекке, 11 і – бауырға, 3 еуі жүрекке, 1 еуі – өкпеге мұқтаж. Былтыр өңірде небәрі 6 мәйіттік донор болса, биыл тамыз айына дейін 8 донор мұқтаж жандарға көмектескен.
Жанасыл Серікбол