Діни наным-сенім, аутизм сырқатынан қорқу. Бұл Павлодар облысында балаларына екпе салдырғысы келмейтін ата аналардың негізгі себептері. Өңірде жаңа босанған келіншектердің 95 пайызы шақалақтарына екпе салуға рұқсат береді. Бірақ жаңағыдай себептермен бас тартатындар да бар.
Негізі, Қазақстанда дүниеге шыр етіп туған сәбилерге алғашқы екінші күнінен бастап екпе салынады. Оның біріншісі гепатит Б-ға қарсы, екіншісі туберкуллезге қарсы БЦЖ екпесі.
Қарлығаш Раисова, Павлодар облыстық перинаталдық орталығының неонатолог дәрігері
Перзентханада екі екпе дүргізіледі. Гепатит және Бцж ға қатысты. Бұл бцж ол негізі тірі вакцина, оны енгізу арқылы иммунитетіні көтеру үшін жасалады. Сол кезде организмде антиденелер пайда болып, ауруға төтеп бере алады. Сол үшін екпелер салынады.
Шынымен де біздің қоғам соңғы кезде екі бөлінді. Бұл жерде екпені қолдайтындар мен қарсы шыққандар бар. Осы ретте Павлодар облыстық перинаталдық орталығында босанған келіншектердің басым бөлігі, яғни 95 пайызы жаңа туған бөпелеріне екпе салдыруға рұқсат береді екен. Ал, қалған 5 пайыз ата-аналар вакцинадан бас тартады. Оның себебін – діни наным сенім, түрлі ауыр сырқаттардан қорқумен байланыстырады екен.
Қарлығаш Раисова, Павлодар облыстық перинаталдық орталығының неонатолог дәрігері
Қазіргі кездерде екпелерге қарсы ата налар аутизм ауруларымен байланыстырады. Екпелер мен аутизмнің қатынасы жоқ. Әрбір екпелер тірі өліп болып бөлінгендіктен. Әртүрлі кері әсерлері болады. Ол аутизм сырқатымен байланысты емес. Көбінесе діни мәселесі, екіншіден бірінші балада түрлі реакциялар болады. Привикамен байланыстыруға болмайды.
Осы ретте перинаталдық орталықтың неанатолог дәрігерлері жаңа босанған келіншектермен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді. Аналары келіспеген жағдайда, мамандар әкелерін шақыртып екпенің маңыздылығы жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Самал Қалиқызы