Павлодар облысында биыл 10 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде. Ата аналардың басым бөлігі мектептерге құжаттарын тапсырған. Тапсырып үлгермегендерге 31 тамызға дейін уақыт бар, дейді жауапты басқармадағылар.

Білім беру басқармасының ақпаратынша, Павлодар облысында оқушылардың жалпы саны 116 мыңнан асады. Бүгінгі таңда өңірде бірінші сыныпқа барлығы 10 321 оқушы қабылданған. Оның ішінде 5 мыңнан астамы Павлодар қаласының мектептерінде білім алады.

Әсел Шәріпова, Павлодар облысы білім беру басқармасының бас маманы

Бірінші сыныпқа балалар дайындық деңгейіне қарамастан, 6 жасқа толған, 6 жасқа толатын балалар қабылданады. Құжаттарды қабылдау егов арқылы жүзеге асады, қағаз жүзінде де тапсыруға болады. Биыл 1 сыныпқа 10 мың бала келеді деп күтілуде. Бұл болжамды контингенттің 95 пайызын құрайды. оның ішінде балалардың 50 пайызы мемлекеттік тілде оқытуды таңдады.

Облыстық білім беру басқармасы, ата аналарға балаларды 1 сыныпқа қабылдау 31 тамызда аяқталатынын еске салады.

Самал Қалиқызы