Баянауыл ауданы, Майқайың кентінің оқушылары жаңа оқу жылын жаңара түскен мектептен бастады. 1975 жылы салынған ғимаратқа мұндай күрделі жөндеу жұмыстары алғаш рет жасалыпты. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

Ұрпақ тәрбиесінің алтын ордасына айналған білім ұясы осыдан 50 жыл бұрын бой көтерген. Оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету мақсатында Майқайың №2 мектебіндегі күрделі жөндеу жұмыстарына 427 миллион теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталып, тамыз айында аяқталды.

Жөндеу жұмыстары ауқымды болды. Мектептің шатыры мен терезелері ауыстырылып, жылу, электр жүйесі толық жаңартылды. Едені жаңарып, қабырғаларына жарық түсірген ашық реңктер енгізілді.

Жанат Жұмағұлова, №2 Майқайың ЖОББМ басшысы

4 бірінші сынып бар. Мектептке даярлы сыныптар биыл біз 5 сынып ашайын деп отырымыз. Өтйкені 80-нен аса бала қабылданды. Қазіргі таңда бізде 97 педагог жұмыс жасайды..жас мамандар келді бізге.

Жас мамандар математика, тарих, ағылшын , орыс тілі пәндерінен сабақ береді. Үшқабатты аралас мектеп 2 ауысымда жұмыс істейді. Жалпы 813 бала бар. Оның ішінле 12 бала Үшқұлын станциясынан келеді, оларды тасымалдайтын мектеп автобусыда бар. Білім ордасы жылдар сайын жемісін беріп келеді, оқушылар түрлі байқауларда үздік нәтиже көрсетіп жүр.

Жалпы, Баянауыл ауданындағы білім беру ұйымдарында 4400-ден астам оқушы білім алады, ал биыл 312 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады.

Қымбат Садық