Салауатты өмір салтын әр азамат ұстану керек. Бұл күнделікті әдетке айналуы тиіс. Қазір елімізде спортты дамыту үшін барлық жағдай жасалып отыр. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Айта кетейік өңірде 2 мыңнан астам спорттық нысан бар. Бұл саланы одан әрі ілгерлету үшін өңірде не тыңдырылып жатыр? Тілші әңгімесінде.

Қазір өңірдің 40 пайыз тұрғыны тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Бұл көрсеткіш не жоғары, не төмен емес. Алайда басқарма тарапынан бұл саланы дамыту үшін тұрақты түрде қоғамдық, көпшілік шаралар ұйымдастырылып, спорттық нысандар салынуда. Тек биылдың өзінде бір ірі мұз айдыны және ауылдарда 6 спорттық нысан салынды. Жыл аяғына дейін тағы бірнеше ғимарат бой көтереді.

Талғат Сәкен, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру-көпшілік бөлімінің басшысы

Бұқаралық спорт қазіргі таңда дамып келе жатыр. Екі индикатормен қарастыратын болады. Ол біріншіден халықты спорттық залдармен қамту. Бұқаралық спорттың индикторы яғни халықтың спортпен шұғылдануын айналысып отырады. Қазіргі таңда Павлодар облысы бойынша 39,4 пайызда спортпен шұғылдану қарастырылған. Жыл аясында жоспар бойынша бұқаралық спортты дамыту үшін үлкен зәулім ғимараттар спорт кешендері салынып жатыр. Сол ашылатын ғимараттардың арқасында 41,5 пайызға жоспарымыз бар енді.

Бұқаралық спорт – халық үшін қолжетімді спорт түрлері. Тұрғындар арасында салауатты өмір салтына бет бұрған азаматтар санын көбейтеді. Басқарма келер жылы бұл көрсеткішті 43 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.

Талғат Сәкен, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру-көпшілік бөлімінің басшысы

Департаментпен бізде спортты дамыту үшін қазіргі таңда ең басты мақсат үлкен шараларды ұйымдастыру жаздың күні үлкен шаралар. Спартакиядалар өткізіледі бізде. Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту барысында бізде ең бастысы заманауи ғимарат салу, құрал жабдықтармен қамтамасыз ету болып табылады.

Салауатты өмір салтын насихаттау – әсіресе өскелең ұрпақ арасында кеңінен жүргізілуі тиіс. Қазіргі таңда облыстағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 24 мыңға жуық бала спортпен айналысады. Оның ішінде 12 800 бала "Art Sport" жобасы аясында тегін спорт секцияларына қатысуда.

Әйгерім Тоқпанқызы