Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында баянауылдық ұстаздар әулетінің мүшесімен сұхбаттасу сәті түсті. Бір ғана емес, бірнеше буынның ұлағатты жолын жалғап келе жатқан мамандықтың шоқтығы биік. Тақырыпты толығырақ тілішіміз жалғастырады.
Баянауылдағы Мұрсаловтар әулетінің үлкендері ұстаздық жолды таңдап, саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған. Ұлағатты ұстаздар қауымының жалпы еңбек өтілі 200 жылдан асады. Отағасы Ілдебай Мұрсалов– 4 жасында ұлы тұлға, тарихшы ғалым Ермұхан Бекмахановтың ақ батасын алған азамат. Сол сәт бейнеленген фото отбасында көздің қарашығындай сақтаулы.
Айнагүл Мұрсалова, Е.Бекмаханов атындағы ЖОББМ басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары (Баянауыл ауданы)
Бекмаханов атындағы мектептің басшысы болып қызмет атқарды. Одан кейінде Баянауыл өңірінің 3-4 мектебінде басшы боп қызмет атқарса, анамыз Бейбітова Сәлимаш мектепте кітапханашы, еңбекке баулу пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
Қазақ халқына дән дәстүрлі құндылықтар негізінде бала тәрбиелеу осы отбасына тән қасиет. Содан болар қыз балалардың барлығы қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығын таңдап, әке жолын қуды.
Айнагүл Мұрсалова, Е.Бекмаханов атындағы ЖОББМ басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары (Баянауыл ауданы)
Расында ата-анамыз бағыт-бағдар берді. 90 жылдардың соңы 2000 жылдардың басында қазақ тілі мамандары тапшы болды ғой. Сонда әкеміздің кәсіби көрегенділігі шығар үлкені мені, менен кейінгі екі сіңілімді сол мамандыққа берді. Жақсы сұранысқа ие боласыңдар деп. Жалғыз ініміз ол дене тәрбиесінің, келініміз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің, сіңілім басқа бағытта математика пәнінің мұғалімі.
Ал Айнагүл Мұрсалова ұстаздық жолда 29 жыл еңбек етіп келеді. Қазір сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушыларға сапалы білім беруді мақсат тұтады.
Айнагүл Мұрсалова, Е.Бекмаханов атындағы ЖОББМ басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары (Баянауыл ауданы)
Қыркүйек айында ел Президенті Жолдау жасады, сонда атап өтті жасанды интеллект дегенді. Оны жан-жақты қолдануды ауыл мұғалімі, қала мұғалімі демейді, барлығымыз пайдаланып, керегімізге жаратып жатырмыз. Енді бұл мұғалімдердің жұмыс барысындағы ізденісіне уақытты қысқартып, жақсы көмегін беретін, ізденісті арттыратын қиын да болса қызықты жақсы платформалар бар қазір.
Мұндай ұстаздар әулеті – ұлттың ұлағатын арқалап жүрген ардақты жандар. Олардың қажырлы еңбегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орыны – қай кезде де ерекше құрметке лайық.
Қымбат Садық