8 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауын жариялады. Мемлекеттік маңызы бар бұл құжат жаңа бағыт жаңа міндеттемелерді айқындайды. Қазір өңірімізде Президент жүктеген әр тапсырма іс жүзінде орындалып келеді. Бүгін аудан, ауыл әкімдерімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев кездесіп, өңірімізде жолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысты.

Достық үйінде өткен басқосуға халықпен тікелей жұмыс істейтін аудан және ауыл әкімдері жиналды. Жиынды облыс әкімі Асайын Байханов ашып, өңірдің даму қарқыны туралы кеңінен баяндады. Бүгін елімізде әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында ауқымды әрі жүйелі реформалар жүзеге асырылуда.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Өздеріңізге мәлім Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев маңызды басымдықтарды айқындады. Негізгілеріне тоқталсам. Бұл ауқымды цифрлық жаңғырту ұлттық өнім экспортын ұлғайту энергетика саласын жаңарту сондай-ақ халықтың өмір сапасын жақсарту үшін барынша инвестиция тарту болып табылады.

Облысымызда 352 елді мекен бар. Соның ішінде 191 ауыл — болашағы бар, әлеуеті жоғары елді мекендер санатына жатады. Қазір бұл ауылдардың тұрғындары қаладағыдай жайлы өмір сүруде. Үйлер таза ауыз сумен қамтамасыз етілген, жоғары жылдамдықты интернет желісі тартылған, инфрақұрылымы да біртіндеп дамып келеді. Баянауыл ауданындағы Жаңажол ауылдық округі — осындай ауылдардың бірі.

Сәбит Кенжалин, Жаңажол ауылдық округінің әкімі

Баянауыл ауданы жолдаудың негізгі бағыттарын басшылыққа ала отырып инфрақұрылымды жақсарту, ауыл шаруашылығын цифрландыру, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, жастарға қолдау көрсету сынды басым міндеттерді алға қойып отыр. Баянауыл аудынына қарасты Жаңа жол ауылдық округі Президент тапсырмасына сәйкес жұмыс жүргізіп ауыл халқы мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отыр.

Аққулы ауданы Ямышев ауылы сол ауылдардың қатарында. 1729 тұрғыны бар елдімекенде цифрландыру енгізіліп, мемлекеттік қызметтер қолжетімді әрі сапалы түрде тұрғындарға онлайн түрде көрсетілуде.

Бақытжамал Рахметова, Ямышева ауылдық округінің әкімі

Цифрлық және инновацияға келсек. Президент Қ.Тоқаев өз жолдауында цифрландыру барлық саланы тиімді және ашық ететін құрал екенін атап өтті. Осы бағытта округімізде кезекті қызметтердің көпшілігі электронды форматқа көшірілді. Ауыл тұрғындары егов порталы арқылы, жер, әлеуметтік көмек, субсидия және басқа қызмет түрлерін онлайн рәсімдей алады.

Жиын соңында Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының Жолдауда көтерілген негізгі мәселелерге тоқталып, оның идеологиялық мән-маңызына ерекше назар аударды.

Мәлік Отарбаев, Қазақстан республикасы президентінің кеңесшісі

Павлодар облысы бүгін шын мәнісінде қарқынмен дамып келе жатқан Қазақстанның ең маңызды өңірлердің бірі. Ертіс-Баян өңірі тек қана экономикалық әлеуметтік салада тек дамып келе жатқан жоқ. Бұл қазақтың қасиетті қаны тамған қазақ зиялыларының қаны тамған қасиетті жер. М.Жүсіп, Ж.Мұса, Қ.Сәтбаевтың және тағы тағы сондықтан Ертіс Баян өңірін көздің қарашығындай жоғары бағалаймыз. Ел Президентіміздің біздің алдымызға қойып отырған қандай тапсырмалардың шын мәнісінде орныменен жөніменен жүзеге асырылып жатқанын көз жеткізіп отырмыз. Бүгін Павлодар облысы тек қана соңғы үш жылды алғанда 58,4 млрд теңге инвестиция тартты. Бір ыжлдың ішінде 23 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Бүгінгі таңда халықтың шамамен 30 пайызы ауылдық жерлерде қоныстанған. Осында отырған барлық азаматтар облыстың 30 пайызы яғни 3/1 бөлігіне қызмет етуде. Президен ттапсырамыса жүйелі түрле орыдлапы жатқанына көз жеткізудлеміз.

Сөз соңында Президен кеңесшісі Ол ауыл әкімдеріне қоғамның өркендеуі, тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, халықтың игілігі үшін аянбай жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

Әйгерім Тоқпанқызы