«Әкім сағаты» бағдарламасына Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаев қатысты. Онда әлеуметтік-экономикалық ахуалы мен өзекті мәселелері талқыланды. Аудан әкімі тікелей эфир барысында аудан халқын толғандырған барлық маңызды сұрақтарға жауап берді.
Бағдарлама Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауындағы міндеттердің орындалу барысынан басталды. Ардақ Ксентаевтың айтуынша, Баянауыл ауданында жасанды интеллект ауыл шаруашылығы, медицина және өндіріс салаларына енгізілмек.
Ардақ Кісентаев, Баянауыл ауданының әкімі
Ет бағытында толық ішкі нарыққа қамтамасыз ету бойынша арнайы тапсырма берілді. Баянауыл ауданынында 88 мың астам ірі қара мал бар.Мясокомбинаттын құрылысы жүргізіліп жатыр.Осы бағфтта мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыс жасаймыз.3 жылдың ішінде ьжасанды интелектіні енгізізу бойынша жұмыс жасаймыз.
Бағдарлама барысында әкімге ауданға тартылған инвестициялар туралы да сұрақ қойылды. Ардақ Әнуарбекұлының айтуынша, 2025 жылдың 8 айында жоспар 100 пайызға орындалған.
Ардақ Кісентаев, Баянауыл ауданының әкімі
Аудан ауылдарын тіршілік нәрі таза ауыз сумен қамту қолға алынған. Қазір Жүсіпбек Аймауытов, Шоманкөл және Шонай ауылдарында су құбырының құрылысы жүргізілуде.Бұған қоса елдімекендерге жол салынып, асфальт төселуде.
КСМ: Баянауыл ауданының жалпы аумағы — 18,5 мың шаршы шақырым. Қазіргі таңда мұнда 22 428 тұрғын өмір сүреді. Ауданда 38 елді мекен орналасқан. Әлеуметтік салада үш ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу кәсіпорны, 31 денсаулық сақтау мекемесі, 26 мектеп, 25 кітапхана және 31 спорт кешені халыққа қызмет көрсетіп тұр.
Дильназ Қуанышбекқызы