Павлодарлық өнерпаздар халықаралық сахнада жоғары деңгейде өнер көрсетті. Облыстың кәсіби би ұжымы – «Нұр» ансамблі мен этно-фольклер бағытындағы «RUH EthnoMix» тобы Оңтүстік Корей елінен 10 күндік гастрольдік сапардан оралды. Олар Қазақстанның дәстүрлі биі мен ұлттық музыкасын әлемдік көрерменге таныстырды. Халықаралық деңгейде өткен фистивальге 30-ға жуық елдің шығармашылық ұжымдары қатысқан.
«Нұр» ансамблі мен «RUH EthnoMix» тобы Корей елінің үш қаласында өнер көрсетіп, ұлттық би мен музыканы ұштастырды. Жергілікті тұрғындар мен шетелдік қонақтарға қазақ өнерінің ерекшелігін танытқан шеберлік сабақтарын өткізді. Әр қойылым көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, үлкен қызығушылық тудырған.
Сәуле Мұқаева, Иса Байзақов атындағы филармония басшысының шығармашылық жөніндегі орынбасары
Біздің өнерімізді жоғары бағалады. Себебі, рух этномикс ансамблі жанды дауыста барлық биге қойылған музыканы сүйемелдеді. Және біздің бишілеріміз кәсіби деңгейде, жоғары деңгейде қазақтың ұлттық билерін көрсетті. Негізгі шара Йондон қаласында өтті. Экспо болғандықтан өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біздің қазақтың ұлттық өнерін, биін жақсы қабылдады. Қошеметті аямады.Біз өзімізді әрине кәсіби деңгейде көрсете білдік. Өйткені біздің костюмдеріміз, біздің билеріміз бен қойылымдарымыз жалпы ұлттық аспаптар домбыра, қобыз, жетіген деген аспаптар оларға қызық болды. Жақсы қабылдады корей халқы. Бұл біз үшін керемет нәтиже, біз үшін керемет жетістік деп білемін.
Өнер ұжымдары бүгінде өңір мәдениетінің айнасы саналады. Олар шетелде жинаған тәжірибесін жергілікті көрерменмен бөлісті. Қазақ биі мен ұлттық музыка үндестігі – павлодарлық өнерпаздардың басты ерекшелігіне айналды. Ал қазақтың ұлттық киімдері шетелдік көрермендерді тәнті етті.
Ажар Бахтиярова, «Нұр» би ансамблінің әртісі
Костюмға келетін болсақ, біз басқа елге қараған кезде бәріміз өзгеше болдық. Өйткені өзіміздің қазақтың костюмдері ерекше болды. Неше түрлі түсті болды. Парад болған кезде біз барынша өзіміздің ұлттық костюмдерімізді көрсете білдік. Бәрі қызығатын.
Халықаралық сахнада өнер көрсету – үлкен жауапкершілік пен мәртебе. Павлодарлық әртістер бұл сыннан сүрінбей өтіп, қазақ өнерінің биіктігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олардың өнері шетелдік көрерменге, өз жерлестеріне зор шабыт сыйлады.
Сабина Жолдаспаева