Республика күні қарсаңында Павлодар облысында 14 мыңнан астам тұрғынға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Қаржылай көмек көлемі 5 айлық есептік көрсеткішке тең. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлімдеді.
Мерекеге орай облыс тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік төлем тағайындалды. Қаржылай көмек қоғамның әлеуметтік осал топтарына, соның ішінде ерекше күтімді қажет ететін және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға бағытталған.
Венера Демеубаева, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы
Облыс бойынша қала мен аудандарының жергілікті мемлекеттік органдарының шешімі бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және 1,2 топтағы мүгедектігі бар азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілетін болады. Ол 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Атап айтқанда, 19 660 тг. Осы шарамен облыс бойынша 14 мыңнан астам азамат қабылданатын болады.
Республика күні ел бірлігі мен қамқорлығының мерекесі. Сондықтан бұл игі істің мақсаты ерекше жандарға қуаныш пен көңіл-күй сыйлау. Қаражат айдың соңына дейін толық аударылады.
Сабина Жолдаспаева