Павлодар қаласында Балаларды ерте дамыту институты мен Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың перспективасы» атты республикалық семинар өтті. Онда Павлодар облысының 150-ден астам педагогы қатысты.Толығырақ келесі сюжетте.
Семинарға еліміздің барлық өңірлерінен мектепке дейінгі білім беру саласының мамандары жиналды. Қатысушылар Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында орналасқан құзыреттілік орталықтарының жұмысымен танысты. Бұл орталықтар тәжірибе алмасу, кәсіби қолдау көрсету және білім беру сапасын арттыру бағытында маңызды алаңға айналып отыр.Жиын барысында мектепке дейінгі білім берудегі озық тәжірибелер, мобильді консультативтік топтардың қызметі, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект элементтерін қолдану мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, педагогтер цифрландырудың артықшылықтары мен оны тиімді пайдалану жолдарын талқылады.Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар көтерілген тақырыптардың өзектілігін атап өтіп, құзыреттілік орталықтарын одан әрі дамыту мектепке дейінгі білім беру сапасын арттырудың маңызды тетігі екенін жеткізді.
Дильназ Қуанышбекқызы