Павлодар ауданы Кемеңгер ауылында ауыл әйелдерінің форумы өтті. Онда ауылдық елдімекенде тұрып, кәсібін жандандырып жүрген нәзік жандылар жиналды. Шараға ірі кәсіпті игерген әйелдер де ат басын бұрып тәжірибелерімен бөлісті.

Ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау мемлекет үшін маңызды. Ал, оның ішінде әйелдер қауымына назар аударылуы қажет. Нәзік жандыларға тән кәсіп түрлері әлеуметтік маңызға ие. Бұл тұрғыдан да жан-жақты қолдауды, әр түрлі серіктестікті қажет етеді.

Облыстың әр ауданынан келген өкілдер өз кәсіпкерліктерін көрме ретінде көпшілікке таныстырды. Олардың қатарында Май ауданынағы кәсіпкерлердің де ұсынған өнімдері бар.

Форум әрмен қарай пленарлық отырысқа жалғасты. Облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова отырыстың алғашқы сөзін алып, өңірде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Әрмен қарай кәсіпкерлікте үлкен табыстарға қол жеткізген әйелдер сөз алды. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіппен айналыссам деген жандарға құнды кеңестерін берді. Форумды ұйымдастырудағы негізгі мақат та осы болатын.

Әрмен қарай бірқатар нәзік жандылар марапататрмен алғыс хатқа ие болды.