Home Credit Bank өзінің 20 жылдық мерейтойын тек мерекемен ғана емес, табиғатқа жанашырлықпен атап өтуде. Қаржылық ұйым Қазақстан қалаларын көгалдандыруға және жайлы экологиялық орта қалыптастыруға бағытталған «Жасыл аллея» экологиялық бастамасын қолға алды. Бұл игі бастама басқа да өңірлерде жүзеге асып келеді.

Павлодар қаласында өткен кезекті шара аясында екі жоғары оқу орнының ауласына шетен мен қайың көшеттері отырғызылды. Игі іске банк қызметкерлері, серіктестер, студенттер мен еріктілер атсалысты. Бұл жолы 80 түп шетен мен 20 түп қайың ағашы отырғызылды.

Баян Досжанова, «Home credit bank» АҚ Павлодар филиалы директорының орынбасары

Біздің банктің мақсаты – табиғатқа қамқор болу. Шетен гүлдеген кезде жеміс береді, ал ол өз кезегінде құстардың азығына айналады. Біздің мақсатымыз – Қазақстан бойынша 12 мың ағаш отырғызу. Павлодар қаласының да осы игі іске атсалысып жатқанына қуаныштымын.

«Жасыл аллея» бастамасы мемлекеттік «Таза Қазақстан» бағдарламасымен үндесе отырып, экологиялық мәдениетті арттыруға, қалаларды абаттандыруға және қоршаған ортаға деген жауапты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.Жоба аясында бұған дейін Алматы, Астана, Шымкент, Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған, Өскемен және Ақтөбе қалаларында да ағаш отырғызу шаралары сәтті өткен.

Нұрхан Ералы, студенттер қауымдастығының төрағасы

Бізде жазда да гүл отырғызу акциясы болып өткен өзіміздің студенттер жасыл елмен бірге қарадық. Қазіргі таңда қолайлы уақыт деп ойлаймын ағаш отырғызуға. Жаңбырдың суымен өзіміз қараймыз ағаштарды. Бізде жыл сайын осындай акциялао өтір тұрады.Барлық ағаштарға қамқорлықпен қарайтын боламыз.

Студенттер мұндай игі бастамаларға белсене қатысуда. Олар үшін бұл шара – табиғатты қорғауға қосқан нақты үлес ғана емес, сонымен қатар экологиялық тәрбие мен азаматтық жауапкершілікті сезінудің жолы.

Ғалия Дүйсен, 2 курс студенті

Біз студенттермен бірге осындай шараларға қатысқанды жақсы көреміз.Өте белсенді түрде қатысуға тырысамыз.Бүгін біз рубина ағашын отырғызуға келдік. Барлықтарына сәттілік тілейміз.

Ұлжан Бәкібай, 2 курс студенті

Бүгін хоум кредит банкінің 20 жылдығына орай универіміздің ауласында жас көшеттерді отырғызып жатырмыз. Хоум кредит банкіне жұмыстарына табыс тілейміз.

Мерейтойлық жыл Home Credit Bank үшін пайдалы бастамалармен ерекшеленді. «Жасыл аллея» жобасынан бөлек, банк экология, білім және әлеуметтік қолдау бағытында бірнеше ауқымды жобаны іске асыруда. Атап айтқанда, биыл Алматы, Астана, Қостанай және Орал қалаларында жедел жәрдем қызметкерлеріне қолдау көрсетілді.

Дильназ Қуанышбекқызы