Сүт безі обыры ауруы әлемде бірінші орында тұрған қатерлі дерттердің бірі. Жыл сайын бұл сырқатпен ауыратын адамдар саны көбейіп келеді. Бұның бәрі уақытында скринингтен өтпей, денсаулығына бей-жәй қарауынан дейді ақ халаттылар. Осы мәселені жұртшылықтың назарына аударту үшін облыстық онкологиялық диспансер қалалық әкімдікпен бірлесіп «Қызғылт қазан» жүгіру марафонын өткізді. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Тәң сәресінен салауатты өмір салтын серік еткен қала тұрғындары орталық жағалауға жиналды. Денелерін шынықтырып, жүгіруге дайындық үстінде. «Қызғылт қазан» атауымен өткен бұл марафонға өңір тұрғындарынан бөлек басқа аймақтардан келген қатысушалр болды. Басты мақсат 5 және 10 шақырым қашықтықта жүгіріп, сүт безі ісігі ауруын ерте анықтау үшін тексерістен өтуді насихаттау.

Еламан Асылбеков, Павлодар қаласы спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы

Бұл шара қалалық әкімдіктің ішінде спорт қолдауымен жатқан шара. Онкологиялық диспансермен жасап жатырмыз. Олардың инициативалары бойынша. Қатерлі ісікке қарсы марафон өткізіп жатырмын. Бүгінгі таңда 500 ге жуық қатысушы қатысайын деп жатыр. Ауа райына қарамастан басқа қалалардан келіп жатқан қатысушылар бар. Жалпы халық қолдап жатқаны өте қуанышты.

Бұл аты жаман ауру жыл сайын жасарып келеді дейді ақ халаттылар. Сондықтан мамандар уақытында дәрігерге қаралуға кеңес береді. Тек біздің өңірде осы дертке шалдыққан 3000 мыңнан астам келіншек диспансердің есебінде тұр.

Әсел Асқарова, Павлодар облысы онкологиялық диспансердің директор орынбасары

Өкінішке қарай сүт безі обыры елімізде жалпы әлемде бірінші тұрған сырқаттардың бірі. Біздің өңір бйоынша есепте 3 мыңнан астам әйел тұр. Ал соңғы 9 айда 228 жаңа жағдай тіркелді. Бүгін өтіп жатқан бұл марафонның мақсаты, сүт безі обырын ерте анықтау үшін скринингтік тексерістерді насихаттауға арналды. Сүт безі ісігін алдын алу үшін 40-тан 70 жасқа дейінгі, есепте тұрмаған әйелдерге екі жылда бір рет профилактикалық тексеру стандартынан өту керек. 9 ай ішінде скрининг арқылы 70 сүт безі обыры анықталды. Сондықтан баршаңызды тексеруден өтуге шақырамыз. Ерте анықталған онкологиялық ауруларды мамандандырылған емдеу әдістері арқылы онкодиспансерде тиімді емдеуге болады.

Ұйымдастырушылар бұл күні келген қатысушыларға аурудың ерте анықтап, оны емдеу жеңіл болатынын түсіндірді. Бұдан соң желаяқтар жолаққа тұрып, марафонға қатысты.

Айжан Айгожина 24 жаста. Марафонға қатысып жүргіненін 4 жыл болыпты. Бүгінгі өтіп жатқан игі істен қалыс қалмай, бұл мәселені насихаттауда өз үлесін қосты.

Айжан Айгожина, қатысушы

Негізінен мен 10-12 км жүгіремін. Ал бүгін 5 км жүгіретін боламын. Не үшін келдім. Бүгінгі мақсатты қолдау. Осы тақырыпты жұртшылыққа көрсету үшін.

Ер азаматтар 10, ал нәзік жандылар 5 шақырым қашықтықта жүгірді. Бірінші болып келген қатысушыларға демеушілер атынан бағалы сыйлықтар тарту етілді. Ұйымдастырушылар осындай шараларды жыл сайын өткізуді қолға алмақ.

Әйгерім Тоқпанқызы