Өткен демалыс күні Павлодарское ауылында ересектер арасында асық атудан облыстық чемпионат өтті. Жарысқа өңіріміздің барлық аудандарынан ең үздік сұрмергендер жиналып, өзара бақ сынасты. Бұл чемпионат алдағы өтетін республикалық сайысқа жолдама беретін іріктеу кезең болды. Толығырақ келесі бейнесюжетте.

Шара барысында қатысушылар ұлттық спортқа деген қызығушылықтарын білдіріп, өз ептілігі мен мергендігін көрсетті. Жарыс асық атудың «бес табан» түрі бойынша өтті. Қазақтың рухани құндылықтарын дәріптейтін бұл ұлттық ойын, сабырлылықты, төзімділікті және дәлдікті дамытуға бағытталған тәрбиелік мәні зор спорт түрі. Чемпионатты өңірлік федерация екінші жыл қатарынан ұйымдастырып отыр.

Қалибек Қуанұлы, Павлодар облысы асық ату федерациясының атқарушы директоры

Қазіргі таңда 26 мерген қатысып жатыр. Аудан,қаладан келген. Қазір ойынның ортасына келіп қалдық. Қазіргі фавориттер Екібастұз, Баянауыл, Тереңкөл, Павлодар қаласының мергендері алғашқы жеңіс тұғырынан көрінуге жақын.

Бір партияға 7 минут беріледі. Барлығы 9 тур. Ойын шарты бойынша белгіленген қашықтықтан ортаға қойылған асықтарды атып, шеңберден шығаруы керек. Әрбір атып шыққан асық ұтып алған болып есептеледі. Ойын соңында кім көп асық жинаса, сол жеңімпаз болып есептеледі. Жомарт Нұрланов жарысқа Екібастұз қаласынан келді. Ол былтыр Астана қаласында өткен көшпенділер ойынның жеңімпазы.

Жомарт Нұрланов, қатысушы

Жалпы асық ойыны жақсы, бәріне ойнасын деп айтамын. Бізде ақсақалдарымыз 70ке таяған 18 жастағы балалармен қатар ойнап жатыр. Жас айырмашылығы емес, бұл жерде мінез көп шешеді. Бабамыздан қалған мұра. Тәрбиеген, дене шынықтыруға да бәріне.

Ойын қорытындысы бойынша Керім Жаздыбек 1 орын, ал екінші орынды Жомарт Нұрланов иеленді. Сұрмергендер аймақ намысын 25 қазан күні Шымкент қаласында өтетін республикалық турнир қорғайды.

Әйгерім Тоқпанқызы