Өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамуда. Тек, қайта өңдеу кәсібі біраз ақсап тұр. Ал өңір халқын тұрақты жұмыспен қамту белгіленген міндеттен асып, оң нәтижеге қол жеткізген. Өңірдің осындай экономикалық көрсеткіштері облыс әкімінің қатысумен өткен жиында сөз болды. Онда жыл соңына дейін қанша шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледітіндігі де айтылды. Рет-ретімен Әйгерім Тоқпанқызы толықтырады.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші тоғыз айда шарықтап тұр. Инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы, құрылыс саласында ілгерілеу бар. Бұны жиын қатысушылары алдында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук жеткізді.
Ирина Назарчук, Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өңір экономикасында тұрақты өсім бар. Қысқамерзімді экономикалық индикатор 104,6 пайызды құрады. Республикалық деңгейде Павлодар облысы тұрақты даму қарқынын көрсетуде. Инвестиция тарту және құрылыс саласында республика бойынша өсім байқалады. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша серпін бар. Қыркүйек айында өңірде 2 трлн 803 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өңір экономикасына 769 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, өсім 26,7 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі шамамен 6 пайызға артты. Негізгі серпін өсімдік шаруашылығында. Шамамен 10 пайызға артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 326 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға өсті. 238 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.
Өңдеуші өнеркәсіптегі өсім 109 пайызды құрап отыр. Алайда салада әлі де белгілі бір тәуекелдер бар. Сарапшылардың айтуынша, жыл соңына дейін бірнеше ірі өндіріс нысандары іске қосылып, бұл жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, облыс әкімі тұрғын үй саласының қарқыны туралы ведоства басшысынан сұрады.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Біз әрбір саланы қарастырсақ, құрылыс саласында тұрғын үйді тапсыру. Әсіресе осал топтар үшін. Үй құрылыс бйоынша және де жылдың аяғына дейін қанша .. Асқар Қадырұлы сіз жауап беріңіз.
Асқар Ажмұрат, Павлодар облысы құрылыс басқармасының басшысы
721 пәтер. Оның ішінде 127 пәтер сатып алынды. 256 пәтар сатып алу шарттарын жасау жұмыстар жүргізілуде. Қалған 338 пәтердің құрылыс әлі болып жатыр. Оны пәтердің дайындығы 70-80 пайыз құрайды. Жалып үлгереміз. 2 ай қалып тұр бізде. Май және Железин ауданына назар аударып жатыр.
Жыл соңына дейін облыс орталығында және Екібастұз қаласында бірнеше жаңа баспана қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, еңбекпен қамту саласы қарқынды дамып келеді.
Самал Қадырова, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Бірінщі қазандағы жағдай бойынша жылдық жоспардан 100,2 пайыз немесе 25 мың 541 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 18 мың 326 адам немесе 98,7 пайыз. Жалпы зейнетақы жарналары деректері негізінде өңірлік картаны орындау бойынша Павлодар облысы республика деңгейінде 81,3 пайызбен 2 орында орналасқан. Республика бойынша 69 құрап отыр.
Жалпы жақсы нәтижелерге қол жеткізгенімен, кейбір аудандарда жұмыспен қамту қарқыны төмендегені байқалады. Әсіресе Ақтоғай, Железин және Успен аудандары төлемдерді уақытында жасау мен жұмыспен қамту бойынша артта қалып отыр.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Жалпы бір Павлодар облысы барлық көрсеткіштерге қол жеткізгенімен кебір біздің аудандар жұмысты баяу жүргізіп жатқына көрініп тұр. Ол төлемдерді жасау Ақтоғай, Железин, успен аудандары бос жұмыспен қамту ең төмен көрсетікш Ақтоғай мен Успен ауданында.
Аппарат жиыны соңында өңір басшысы әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерін төмендетпей, бұл серпінді сақтап тұруды тапсырды. Бұған қала, аудан, әкімдері де ат салысу керек.
Әйгерім Тоқпанқызы