Тереңкөл тұрғындары рухани келісім күнін атап өтті. Фестиваль ұйымдастырылып, аудандағы әр этнос өкілдері елдің татулығы мен бірлігі бекем болсын деген тілектерін жеткізді. Салтанатты шараға біздің түсірілім тобы да қатысты.

Тереңкөл Павлодар облысындағы көп этнос өкілдері тұратын аудан. Алайда, баршасының тілегі бір. Ол - елдің бірлігі мен болашағының жарқын болуы.

Шара барысында ауданның дамуы мен халықтардың бірлігіне айрықша еңбегі сіңіріп жүрген тұрғындар марапатталды. Олар әркез елдің болашағы татулығында екенін баршасына насихаттап жүретін жандар.

Марина Вагина, Тереңкөл ауданы мордва этномәдени бірлестігінің жетекшісі

Келісім күні еліміздің аспаны астында достық пен келісім негізінде тату ғұмыр кешіп жатқандығымызды білдіреді. Аудан тұрғындарының ынтымағы жарасқан. Бірлігі бекем. Әр ұлт өзінен басқа ұлттың құндылықтарын бағалайды. Барлық этнос бір-бірін құрметтейді. Биыл Ассамблеяның 30 жылдығына орай Президент атынан марапатқа ие болдым.

Ауданда 7 этномәдени бірлестік тұрақты жұмыс істеп тұр. Әрқайсысы өзгелері құрметтей отырып, өзінің мәдениеті мен тілін де дамыту керектігін айтады.

Светлана Варварюк, Тереңкөл ауданы украин этномәдени бірлестігінің жетекшісі

Алда келе жатқан Республика күні құтты болсын! Барша Қазақстан халқына бақ пен береке тілеймін! Еліміз гүлдене берсін! Ауданымызда мәдениентке айрықша көңіл бөлінеді. Қуаныштымыз.

Шара соңы концерттік бағдардарламаға ұласып, патриоттық әндер шырқалды.