Торайғыров университетінде қоғамның өзекті мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет» атты пікір алаңы өтті. Бас қосуда мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, сарапшылар мен студенттердің қатысуымен ашық диалог ұйымдастырылды.

Алдымен Торайғыров университетінің ғылыми орталықтары мен кафедралары ұйымдастырған көрме өтті. Онда студенттер мен жас ғалымдардың зерттеу жобалары, сондай-ақ білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар таныстырылды. Сонымен қатар ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ЭНТИ-ПАРА-КРАФТ республикалық байқауының үздік жобалары көрермен назарына ұсынылды.

Бейбіт Мамыраев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының төраға орынбасары

Республикалық қоғамдық бірлестік жалпы ұлттық корупцияға қарсы жаңару деген 12 жыл бұрын ашылған. Қоғвмдық бірлестік Павлодар қаласындағы жоғары оқу орнына келіп отырмыз. Жастар арасында сыбайлас жемқорлық туралы айту. Жастардың көзі ашық болуы керек.Ең алдымен тәрбие.Дүние танымын нығайту.

Бейбіт Мамраевтың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес білім мен ғылымнан басталады. Жастарға жүйелі тәрбие мен сапалы білім беру – олардың әділ әрі жауапты азамат болып қалыптасуына жол ашады.

Бейбіт Мамыраев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының төраға орынбасары

Бүгін біз Марғұлан атындағы университетінде девианттық мінез-құлқының зерттейтін зертханасын аштық өйткені жоғары оқу орындарында потенциалы жоғары онда білікті мамандар істейді.

Жоғары оқу орнының Экономика және құқық факультетінде қазір 2 мыңнан астам студент білім алады. Факультет құрамындағы үш кафедраның бірі – Құқық кафедрасы. Мұнда 400-ден астам студент оқиды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында факультетте дөңгелек үстелдер, пікірталастар мен ашық дәрістер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Юрий Колесников, «Құқық және экономика» факультетінің деканы

Сыбайлас жемқорлық –тек қылмыстық құқық бұзушылық емес, сонымен бірге мемлекет, бизнес және азаматтардың мүдделері түйіскен тұста туындайтын күрделі әлеуметтік құбылыс. Осы тұрғыда Президентіміз атап өткен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы – еліміздегі әділдік пен ашықтықтың басты бағыты.

Пікір алаңы барысында Павлодар қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан нақты жұмыстар да айтылды.

Ғалиасқар Касымов, ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшының орынбасары

Осы себепті біздің департамент өңірлік полиция басқармасымен бірлесіп жұмыс істейді. Біз оқу орындарында дәріс өткізіп, жастарға арналған ақпараттық кездесулер ұйымдастырамыз.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың емес, әр азаматтың борышы. Әркім заң мен тәртіп қағидаларын сақтап, өз ісіне өзі жауап бергенде ғана қоғамда әділдік пен сенім орнайды.

Дильназ Қуанышбекқызы