Облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжде әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Бекмұрат Уахатовтың рухына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Тұлға қалыптастырудағы адалдық феномені» атты шарада ғалымның өмір жолы мен «Адал азамат» бағдарламасының сабақтастығы кеңінен талқыланды.
Конференцияға өңірдің балабақша және мектеп педагогтері, магистранттар және колледж студенттері қатысты. Жергілікті жоғары оқу орындарының ғалымдары, жерлес-туыстары мен ардагер зерттеушілер арнайы шақырылды. Бекмұрат Уахатовтың еңбектері, сирек қолжазбалары мен өмірінен сыр шертетін деректер ұсынылды.
Назипа Тастемирова, Павлодар қаласы б.ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінің оқытушысы
Бекмұрат Уахатовтың жалпы өмір жолы, ғылыми еңбектері, оның әдебиеттануға қосқан үлесі өте зор. Оның фольклор танушы ретіндегі еңбектері кез-келген қазақ тілі мұғалімдеріне үлкен таптырмас мұра болып табылады. Бүгінгі конференция соның айғағы. Ең алдымен мақсаты ғалымның есімін паш ету, мұрасын насихаттау. Б.Ахметов колледжінде ғалымның шығармашалығы және еңбектері деген сабақтары өтеді. Оның еңбектері кәдімгідей мұғалімдерге көмекші құрал болып табылады.
«Бекмұрат Уахитұлына – қадірлі мұра» атты көрме таныстырылды. Қатысушылар ғалымның шығармашылық жолын, ғылыми жаңалықтарын және фольклортану саласына қосқан үлесін жан-жақты талдады.
Сейфитден Сүтжанов, филология ғылымдарының докторы
Біздің баяндамамыздың аты «Мұхтар Әуезовтың талантты шәкірті» деген атаумен берілді. Шынында да, байқап қарасақ Бекмұрат Уахатовтың Мұхтар мектебінің мақтанышы деп аталуының өзінде үлкен сыр бар. Бекен өзіміздің өңірде туып өскенімен мектепті Алматы шаһарында бітірген. Ағасының құрметімен, қамқорлығымен Алматыда мектеп бітіріп, филология факультетіне түсіп оны үздік шәкірті ретінде бітіргендіктен аспирантураға қалдырмады. Осы тұста шынында да Бекмұрат өзінің шығармашылық жолын байқап білгендей іспетті.
Бекмұрат Уахатов — небәрі 52 жыл ғұмыр кешсе де, артына өшпес мұра қалдырған тұлға. Оның еңбектері түркі халықтарының мәдени мұрасын зерттеуде маңызды дереккөз саналады.
Сабина Жолдаспаева