Екібастұз қаласындағы Достық үйінде «Ассамблея Жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлік өкілдігі ресми түрде ашылды. Салтанатты шараға қала әкімі Аян Бейсекин, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдігінің төрағасы Тимур Жұмұрбаев қатысты.
Жаңа ашылған кеңсе этнос жастарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ тілін үйренуге, мәдени байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік беретін алаңға айналмақ. Шараға Павлодар қаласынан арнайы келген қонақтармен қатар, Екібастұз өңіріндегі жастар қозғалыстарының көшбасшылары қатысты.
Алина Сурдейкина, Екібастұз қаласындағы «Ассамблея жастары» РҚБ белсендісі
Қайырлы күн құрметті қонақтар, Аян Уахитұлы. «Ассамблея жастары» кабинеті ашылуына қуанышытымыз.Мен өзім қазақ тілін үйреніп жүрген жаспын. Осы кабинетте жастармен бірге қазақ тілін дамытып түрлі идеяларды жүзеге асыратын боламыз. Осы кабинеттін ашылуына қолдау көрсеткеніңіз үшін сізге алғысымызды білдіреміз. Және қонақтарымызға рақмет.
Ашылу рәсімінен кейін жастар кеңесінің отырысы өтті. Онда Екібастұз қаласында 2025 жылы атқарылған бастамалар мен жобалар талқыланды.
Жиында ішкі саясат және жастар саясатының негізгі бағыттары бойынша баяндама жасалды.
Жаңадан ашылған жастар алаңы – өңірдегі түрлі этнос өкілдерінің бастамаларын біріктіріп, шығармашылығын дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға және этносаралық татулықты нығайтуға қызмет ететін бірегей орталық болмақ.
Дильназ Қуанышбекқызы