Бүгінде мемлекеттік бағдарламалар ауыл өміріне жаңа леп әкелді. Мәселен, Тереңкөл ауданына қарасты Ивановка ауылында жолдар жөнделіп, су тарту жұмыстары іске асты. Бұдан бөлек, ел игілігіне берілген басқа да игі істерді әріптесім анықтап қайтты.

Ивановка ауылы – Тереңкөл ауданынан шығысқа қарай 19 шақырым жерде орналасқан. Тұрғындар саны 500-ден асады. Елді мекенде мектеп, мәдениет үйі және өзге де нысандар күрделі жөндеуден өткен.

Дәурен Абраев, Ивановка ауылдық округінің әкімі

Әкім лауазымында 2 жыл болды. 2 жыл ішінде біздің ауылымызда жаңа су құбыры салынды. Осы жылы көше жолдары жөнделді. Содан кейін бізде мектеп жөнделді. Жалпы сол бізде қазір ауылда 535 адам тұрады.

Дәурен Орынбасарұлы елімізде тұңғыш рет өткен ауыл әкімдері форумына қатысып келген мемлекеттік қызметші. Айта кетейік бұл жиынға 2500 ауыл әкімі елордада бас қосқан еді.

Дәурен Абраев, Ивановка ауылдық округінің әкімі

Бір жақсы форум өтті. Сол форум аясында жақсы мәселе қозғалды. Сол форум аясында жақсы мәселе қозғалды. Біріншісі бұл ауылымызға түсетін налог туралы. Жалпы, ауылды дамытуға үлкес қосу үшін.

Қазір Ивановка ауылында «Оңтүстіктен солтүстікке» қоныс аудару бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда. Бүгінгі күнге дейін елді мекенге 11 отбасы, яғни 70-ке жуық адам көшіп келген.

Байтұрсын Жұмабай