Облыс әкімі Асайын Байханов Ақсу қаласына жұмыс сапары барысында онда атқарылып жатқан жобалармен танысты. Алдымен жақында ғана ашылған «ERG кәсіби біліктілікті тану орталығында» болды. Артынша Ақсу қалалық емханасына барды. Ал, қалада салынып жатқан бассеин құрылысы келесі жылдың тамыз айында аяқталады.
«ERG Кәсіби біліктіілкті тану» орталығында заманауи жабдықтармен қамтылған өрт-техникалық дайындық сыныбы жұмыс істейді. Бұнда өрттің алдын - алу, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдері толықтай үйретіледі.
Ал, бұнда дәнекерлеу дағдылары үйретілуде. Тәжірибе барысында келушілерге түрлі тігіс түрлерін, нақты дайындамаларды орындауға мүмкіндік беріп, 6-разряд деңгейіндегі дағдыларды меңгеруге жағдай жасайды. Сонымен қатар, орталықта көпірлі крандардың басқару жүйелері толық имитацияланған. Теориялық емтиханнан өткен тыңдаушылар мемлекет талаптарына сәйкес осы алаңда тәжірибеден өтеді. Мұнда мұнаралы және автокран түрлерін басқару дағдыларын меңгеруге мүмкіндік бар. Осындай оқудан өтуге кез-келген адамда мүмкіндік бар. Студенттер ғана емес, жұмысшылар да біліктіліктерін арттырады.
Бұдан соң Асайын Байханов Ақсу қалалық емханасына барды. Бұнда емхана корпустарын жалғайтын өткел салынған. Оның ұзындығы 350 метр. Жобаға 200 млн теңге жұмсалған. Асайын Байханов өткелдің қаншалықты ыңғайлы екендігін тексерді. Емхана басшысы бұрын бір корпустан екінші корпусқа дала арқылы барғандықтан бұл өткел өте қажет және ыңғайлы деді. Науқастардың жағдайы үшін жасалып жатқан жұмыстар жөнінде айтты.
Қайырлы Қабдылов, Ақсу қалалық емханасының басшысы
Бізге келіп жүгінген науқастардың 62 пайызы онлайн режим арқылы жазылып, келіп жүр. Бұл «Дамумед» арқылы жүргізіледі. КоллОрталық арқылы да жазылады. Осылайша кезек күту жағдайын азайтамыз.
Бұдан соң бассейні бар спорт кешенінің құрылыс барысымен танысты. Кешеннің жалпы құрылыс алаңы 1600 шаршы метр. Келісімшарттың жалпы құны – 1 млрд 302 миллион теңге. Кешеннің басты нысаны – заманауи жүзу бассейні. Оның өлшемі 25×15 метр, алты жолақтан тұрады. Жолақтардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Аймақ басшысы нысанның сәулеттік келбетін өзгерту керектігін айтты.
Жаңа жылдан кейін Ақсу қаласының көшелерінде су жаңа автоусбтар жүре бастайды. Қала ішінде толықтай 10 автобус жүреді. Оның алтауы жаңадан сатып алынды. Асайын Байханов қоғамдық көліктерге әрқашан баса назар аударылатындығын айтты.