Облыс орталығымен іргелес Жетекші ауылында су жаңа мәдениет үйі ашылды. Тұрғын саны өсіп, мәдени тынысы кеңейе түскен елдімекен осылайша үлкен қуанышқа бөленді.
Көптен күткен нысанның ашылу салтанатына Жетекші ауылының тұрғындары жиналды. Бұрын ауылда мәдениет үйі болмаған. Жаңа жыл қарсаңындағы жақсылықпен құттықтау үшін облыс әкімі, Мәжіліс депутаттары келді.
Ауылда үш мыңнан астам халық бар. Осы уақытқа дейін қандайда да бір мәдени ошақтың болуын тағатсыздана күтті. Осылайша су жаңа зәулім ғимарат салынып, заманауи мәдениет үйі пайалануға берілді. Оған Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді.
Жиналған қауым мәдениет үйінің алғашқы концертіне де куә болды.