Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Павлодар облысында биыл сұранысқа ие 48 мамандық ашылды. Өңірдің 4 колледжі халықаралық аккредитациядан өтті. Толығырақ тілші сюжетінде.
Павлодар облысында техникалық және кәсіптік білім беретін 42 ұйым бар. оның 28-і мемлекеттік, 14-і жеке меншік колледждер. Онда 22 мыңнан астам студент білім алады.
Әлия Жақыбай, Павлодар облысы білім беру басқармасының әдіскері
Колледждеріміз Халықаралық аккредитациядан өтті. Атап айтқанда, Жаяу Мұса атындағы көпсалалы колледжі, Ақсу қара металлургия колледжі, Жоғары электроника және коммуникация колледжі, Ақпараттық технологиялар колледжі, осы колледждер халықаралық дәрежедегі аккредитаттаудан өтті.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында өңірлік «Жаңа мамандықтар атласы» әзірленді. 15 колледжде 1000-ға жуық студент 15 жаңа мамандық бойынша білім алуда. Жалпы, биыл сұранысқа ие тағы 48 жаңа мамандық ашылды. Ол «элеваторлық, ұн тарту, жарма және құрама жем», «полимер өндірісінің технологиясы», «жаңартылатын энергия», «жылжымайтын мүлікті басқару», «нан пісіру» мамандықтары.
Әлия Жақыбай, Павлодар облысы білім беру басқармасының әдіскері
Айти саласы бойынша республикалық хакатон өткізілді. Хакатонға республикамыздың 14 өңірі мен 3 қаласынан 27 команда қатысты. Облыстық әкімдік тарапынан 3,5 млн теңге жүлде қоры бекітілді. Облыстың 35 колледжінде 210 білім беру бағдарламасы әзірленді. Биыл 48 жаңа сұранысқа ие мамандықтар ашылды.
Ал, «Жас Маман» жобасы аясында 10 мемлекеттік колледж базасында 10 құзыреттілік орталығы ашылған.
Самал Қалиқызы