Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының дәстүрлі «Бірлік» форумы өтті. Жиында жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды.
Форумға өңірдің этномәдени бірлестіктерінен құралған белсенді жастар, қоғамдық ұйым өкілдері мен еріктілер қатысты. Шараның басты мақсаты жастар арасындағы бірлік пен татулықты нығайту.
Рамиль Смаилов, Павлодар облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары
«Бірлік» форумы он бірінші рет өткізіліп отыр. Бұл өз тарихы мен жақсы дәстүрі бар форум. Жыл сайын оның өзіндік тақырыптық бағыты болады. Биыл форум Ассамблеяның мерейтойлық жылын қорытындылауға арналды. Келер жылы жастар қозғалысына 25 жыл толады. Форум барысында мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған ұсыныстар айтылды. Грек этномәдени бірлестігінің бастамасымен «Бірге сөйле» жобасы аясында 25 кездесу өткізу жоспарланып отыр.
Жыл қорытындысында Ассамблея жастары 95 игі істі жүзеге асырған. Мерейтойлық шаралар жоғары деңгейде аталып өтті.
Рамиль Смаилов, Павлодар облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары
«Ассамблея жастары» Павлодар облысы бойынша үздік тәжірибелер байқауының қорытындысы шығарылды. Оған этномәдени бірлестіктер мен студенттік ассамблеялардың барлық жобалары қатысты. «Шабыт», «Мирас», қайырымдылық бағытындағы «Ассамблея жастары – алға» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Биылғы жылдың үздік командасы – фин-угор этномәдени орталығының жастары. Ал «Жыл көшбасшысы» аталымы Беларусь этномәдени орталығы жастарының жетекшісі Евгений Тристанға бұйырды.
Жиын аясында «Ассамблея жастары» Павлодар облысының үздік тәжірибелері байқауының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар бірнеше номинация бойынша марапатталды.
Дмитрий Бабулиди, «Эльпида» грек этномәдени бірлестігінің «Спарта» жастар қанатының жетекшісі
Менің есімім Дмитрий Бабуллиди мен ассамблея жастары белсенді мүшесімін және Павлодар облысындағы грек этно мәдени бірлестігі элпидо ұйымының өкілімін. Бұл бағыттағы нақты қадамдардың бірі бірге сөйле жобасы. Жобаның мәні адамдарды тіл үйренуге міндеттеуге емес, тілдік орта қалыптастыру. Бұл өмірдің өзі. Біздің басты құндылығымыз көп тілділікке құрмет,ортақ отанымыз Қазақстанға деген үлкен құрмет.
Шара соңында қатысушылар бірлік пен татулықты нығайту жолындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруға дайын екендерін жеткізді.
Дильназ Қуанышбекқызы