Мереке қарсаңынада отшашу сататын барлық сауда нүктелері тексерілді. Алдын алу шарасын төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері ұйымдастырды.

Рейд 10 желтоқсаннан жүргізіліп келеді. Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын пиротехника сататындар көбейді. Тексеру барысында құжатсыз, лицензиясыз отшашу сатумен айналысқан азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдтің негізгі мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу. Мамандардың айтуынша, заңсыз сатылған пиротехника адам өмірі мен мүлкіне айтарлықтай қауіп төндіреді.Сондықтан оны сатып аларда жарамдылық мерзімінен бастап толықтай тексеріп алған жөн.

Тілекжан Галямов, Павлодар қаласы ТЖБ бастығының орынбасары

Рейд барысында бір тұлғаға қатысты әкімшілік котекстің 196 бабына сәйкес хаттама толтырылды. Жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Пиротехникаға қатысты рейд жұмыстары 10 желтоқсанан басталды. Бүгінгі күнге дейін Павлодар қаласы бойынша заңсыз пиротехниканы сату бойынша 2 тұлға анықталды. Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Мамандар отшашу бұйымдарын кәмелетке толмағандарға пайдалануға тыйым салынатынын ескертеді. Сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын сақтамау өрттің шығуына әкеп соғуы мүмкін. Айта кетейік, заңсыз пиротехника саудасына қарсы рейдтер 2026 жылдың қаңтар айының соңына дейін жалғасады.

Дильназ Қуанышбекқызы