Екібастұз қаласында энергетиктер күні атап өтілді. Салтанатты шарада энергетика саласына өлшеусіз үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі еленіп, марапатқа ие болды.

Ел бойынша өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі, ал облыс көлеміндегі қуаттың жартысына жуығы біздің өңірімізге тиесілі. Электр қуатын өндіру, тасымалдау, жылумен жабдықтау саласында бүгінде Екібастұзда 3,5 мыңнан астам маман табанды еңбек етеді.

Салтанатты шарада энергетиктер, инженерлер, машинистер, электрмонтерлер түрлі деңгейдегі марапатқа ие болды.

Екібастұз энергетикасы елді қуат көзімен қамтып отырған негізгі ошақтың бірі. Әрі, қала экономикасының негізгі саласы. Сондықтан жылда бұл күні энергетиктерге ерекше құрмет көрсетіледі.

Самал Қалиқызы