Облыс орталығында құқық қорғау қызметкелерлері өкілдеріне арналған семинар өтті. Бас қосуда қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, халыққа оны жеткізу мәселелері талқыланды. Бұны өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары түсіндірді.

Биыл қылмыстық заңнаманы оңтайландыруға бағытталған өзгерістер заңды күшіне енді. Реформа аясында азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процестегі бәсекелестік қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізудегі рәсімдерді жеңілдетіп, бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған жаңа баптар енгізілді.

Абзал Құспан, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидатының аясында біз Парламент тарапынан қабылданып жатқан соның ішінде қылмыстық заңнамада қандай жаңалықтар бар, қандай новелла осы туралы Ертіс өңіріне айтып беру мақсатымыз. Айтып беру ғана емес ол сонымен қатар түсіндіріп, осы қылмыстық заң саясаты қай бағытта бара жатыр. Елді қандай мәселеге назар аударуымыз керек деген тұрғыда облыс активімен кездесу жоспарланып отыр.

Биыл қабылданған заңнаманың бірі бұл – сталкинг. Яғни адамды заңсыз қудалау әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі. Енді мұндай әрекеттер үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Бұған қоса халық қалаулары Парламент мінберінде заң мен тәртіп қағидатына сай онға жуық заң ұсынылып, қаралды. Мемлекет басшысы қол қойды.

Абзал Құспан, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Парламентте ондаған заңдар қабылданды. Қай қай заңда осы қағидаттың аясына салып қарастыруға болады. Өйткені бұл қазғидат өңірлерге арналған жалпы мемлекетті саясат қой. Сондықтан Парлменттің өзі де осы қағидатты қатаң ұстануға тиісті. Бұл жерде не айтқым келіп отыр. Заң қабылданған кезде ол қандай да бір ведомстволық мүдделерден жоғары болуы керек. Тек қана ең негізгі саясатты ұстану керек. Ол халыққа түсіну керек деген бағытта. Мен заңындым түсіндіремін бұл жерде. Бұл өте маңызды заң Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру деп аталады. Соның аясында қылмыстық кодекске көптеген баптар енгізілді. Бірақ жұртшылық әлі оны біле бермейді. Оны жеткізу керек. Түсіндіру керек.

Келесі маңызды жаңашылдық бұл қалыңдық ұрлаған үшін қылмыс жауапкершілік. Енді мұндай әрекеттер ауыр қылмыс ретінде қарастырылады. Заңға сәйкес, кінәлілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал егер қылмыс ауырлататын мән-жайлармен жасалса, жаза мерзімі 10 жылға дейін ұлғаяды. Осы және басқа енгізілген толықтыру туралы қатысушылар кездесуде ақпарат алды.

Әйгерім Тоқпанқызы