Павлодарда фотография мен поэзия бір-бірімен үйлесім тауып, ерекше көрме өз есігін айқара ашты. Ақын Ольга Григорьеваның шығармашылық әлемімен танысуға қала тұрғындары мен жақындары келді.

Көрме залында жылы шырайлы атмосфера орнады. Ақынның туған-туыстары, жақын достары мен өнерді бағалайтын қонақтар жиналып, өнер иесіне шын жүректен жылы лебіздерін білдірді. Әр сөз, әрбір құттықтау Ольга Григорьеваның шығармашылығына деген құрметтің айнасы.

Ақынның өмірінде әдебиеттен бөлек, фотосуреттер де ерекше орын алады. Бұл көрме дәл сол екі өнердің үйлесімін паш ететін бірегей жобаға айналды. Қонақтар әрбір фотосурет пен өлеңнің артында тұрған эмоцияны, ерекше сәттің көңіл-күйін сезіне алды. Кейбір суреттер Қазақстанның табиғаты мен қалалық көріністерін бейнелесе, кейбірі шет елдердегі саяхаттан әкелген әсерлерді жеткізді.

Ольга Григорьева, ақын

Көрмеде 48 фотосурет пен өлең қойылды. Мұнда әр жылдары және әртүрлі елдерде саяхат кезінде түсірілген сәт бар. Бұл еліміздің әр аймағы, сондай-ақ Ресей, Грузия, Черногория, Өзбекстан, Германия және Франция елдерін еніп отыр. Менің ойымша, фотосурет пен өлеңді осылай біріктіру арқылы саяхаттан алған жарқын әсерді әлдеқайда жеңіл әрі сәтті жеткізуге болады. Әдебиет пен фотосуретті біріктірген осындай жоба бұрын да болған. кітап түрінде жарық көрген. Ал бұл көрме – сол жобаның жаңа бағыттағы жалғасы. Оны Жаңа жыл қарсаңында павлодарлықтарға сыйлауды жөн көрдім.

Айта кетейік, Фотоөлеңдер көрмесі облыстық кітапханада қаңтардың соңына дейін өтеді.

Дильназ Қуанышбекқызы