Ұлттық күй өнерін ұлықтаған тағылымды мәдени шара көрерменге жол тартты. «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы мен музыкалық колледждің бірлесуімен «Ғасырлар толғауы» атты танымдық күй кеші ұйымдастырылды.
Кештің басты мақсаты – ұлттық музыкалық мұраны жас ұрпақтың санасына сіңіру, күй өнерінің мән-маңызын дәріптеу. Шара барысында жас өнерпаздар шертер, сыбызғы, сырнай, жетіген, қобыз сынды көне аспаптарда ойнап, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.
Серік Рысбек, «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі
Жалпы шаңырақ халық шығармашылығы мен музыкалық мектеп-интернат кешенімен бірігіп жасап жатқан «ғасырлар толғауы» атты күй кеші. Бұл бірігіп жасап жатқан алғашқы жоба. Бұған дейін коллдеж мерей тойын атап өткенді. Құрманғазы, Дина апаларымыздың күйлерін орындап, болашақ жастарға насимхаттау мақсатында жасалып жатқан жоба.
Күй кешінде «Этно Рух» этно-микс тобы мен мектеп оқушылары бір сахнада өнер көрсетіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Ұрпақтар сабақтастығын айшықтаған бұл бастама алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табады.
Дильназ Қуанышбекқызы