Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Павлодардағы №45 мекеменің бұрынғы бастығына қатысты қылмыстық істі тергеді. Сот процесі жабық түрде болды. Үкімге қатысты қосымша ақпарат жарияланбады.
Сот колонияның бұрынғы бастығын билікті не лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ресми мәліметтер бойынша, бұл іс соттың қарауына "құпия" белгісімен түскен.
Жанар Тұрлыбаева, Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы
Қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін ҚР ҚК 362 бап 3 бөлігі 3 тармақ , 185 бап 2 бөлігі негізінде сотталушыға 362 баптың 4 бөлігі 3 тармағы бойынша 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Самал Қалиқызы