Қазақ руханияты қара жамылды. Өмірден Алаштың аяулы ұлы, аңыз адам, ұлт руханиятының асқар шыңы - Асанәлі Әшімов өмірден өтті. Бұл қазақ мәдениеті үшін орны толмас ауыр қайғы.
Асанәлі Әшімұлы 1937 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданында дүниеге келген. Өмірін өнерге арнаған ол «Қазақфильм» киностудиясында көптеген фильмдерге түсіп, халықтың сүйікті актеріне айналды. Оның әр рөлі – тек көркем образ емес, халыққа, елге деген сүйіспеншіліктің айнасы болды. Бұл өнері – адалдықтың, кәсібиліктің биік өлшемі олып қалары сөзсіз. Біздің арна тілшілеріне өнер иесі соңғы рет 2024 жылы сұхбат берді.
Асанәлі Әшімов, Қазақстанның еңбек ері
Музей деген сол ғой есте қалу, жұртпен таныстыру.Өнерде ең ұзақ сақталатын бұл сурет. Сондықтан көптен көрмей, көңілім босағаны сол. Қазақстандағы айтулы музей екен.Көп адамды еске салады, ұлылардың заттары бар. Бұл керек нәрсе, өзіннің көріп кеткенін қандай жақсы тіршілкте. Сондықтан адамды тірі кезінде сыйлау керек, рахмет айтамын ұйымдастырушыларға. Үлкен фестиваль ұйымдастырыңдар, шетелден келіп. Халықтың дәрежесі сонда ғана өседі. Айтуын айтамыз ғой біздер, сол істелуі керек. Ол басшыларға байланысты, басшы өнерге жақын болуы керек. Халық жақсылықты құптайды.
Ол тұтас бір дәуірдің өзі, ұлттық өнердің биік өлшемі еді. Отандық кино мен театр өнеріне өшпес із қалдырған, таланттар шоғырын тәрбиелеген Асанәлі Әшімовтің артында қалған мол мұрасы халықпен бірге жасай бермек. Нар тұлғаның жарқын бейнесі ел есінде мәңгі сақталмақ.
Қымбат Садық