Өңірдің денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымға Кучуков Ермек Ербатырұлы келді.
Ермек Ербатырұлы 1974 жылы Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде дүниеге келген. Ол Семей мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған және «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша клиникалық ординатурадан өткен. Кейін 2017 жылы Инновациялық Еуразия университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған. Еңбек жолын 1991 жылы электромонтер болып бастаған. 2000-2009 жылдары Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде дәрігер-онколог болып еңбек еткен. 2009-2015 жылдары теміржол ауруханасында гинекология бөлімшесін басқарған, ал 2015-2018 жылдары Павлодар қалалық №1 ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары болған. 2018 жылдан тағайындалғанға дейін «Павлодар теміржол ауруханасы» ЖШС директоры қызметін атқарған.