Кеше кешкісін облыс орталығымен іргелес Мойылды ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй отқан оранды. Павлодар қаласынан 22 шақырым жерде орналасқан елдімекенге өрт сөндірушілер 28 минутта жетті.

Мамандар келген уақытта үйдің шатырымен екінші қабаттын толық қызыл жалын шарпыған. Оқиға орынына төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары — 17 жеке құрам қызметкері және 5 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының бригадасы барды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері болды. Өрт сағат түнгі сағат он жарым шамасында толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Мамандар барынша қауіпсіздік ережелерін сақтап, тұрғындарға барынша абай болуыға шақырады.

Әйгерім Тоқпанқызы