Облыс әкімі Асайын Байхановтың өңір тұрғындарымен кездесуі жалғасып келеді. Кезекті жүздесу Екібастұз қаласының азаматтарымен өтті. Энергетиктер шаһарының халқы аймақ басшысына қандай сұрақтар қойды? Толығырақ жиынға қатысып қайтқан тілші әңгімесінде.
Жиын әуелі өңір басшысының есеп беруінен басталды. Асайын Байханов бір жыл бойы атқарылған істерге тоқталды. Әсіресе тозығы жеткен 6 жылу магитстарлі, қазандықтар жөнделгенін айтты. Барлығы 100 шақырым желі жаңарды. Оның ішінде аула ішілік құбырлар бар. Сондайа-қ қалада жаңа 7/1 жылу магистрлі салынды. Бұл үшін үкіметтен 80 млре теңге бөлінген екен. Бұған қоса қаланы адаттандыру да жалғасуда. Оған 7млдр теңге бөлініпті. 12 мың жарық шамдары орнатылып, 186 аулада балалар ойын алаңы салынды. Және бірнеше әлеуметтік нысандар бой көтерді.
2025 жылы қалада 26 шақырымнан астам асфальт және 20 шақырымнан астам қиыршық тас жол жөндеуден өтті. Нәтижесінде 42-ден астам көшеде жол жаңарды.
Облыс әкімінің есебін тыңдағаннан кейін кездесуге келген азаматтар сұрақтарйын қойды. Солардың бірі ауылға парара жол. Көп жылдан бері шешімін таппай отыр екен.
Жалпы кездесуде 15 сұрақ қойылды. Ағаштарды кесу, қаланы абаттандыру, спорт кешендерін салу және тұрғын үй алу мәселесіне қатысты сұрақтар жолданды. Барлық түскен сауалдарға облыс әкімі тұшымды жаауапп берді. Бұжан кейін азаматтарды жиыннан кейін жеке қабылдады.
Әйгерім Тоқпанқызы