Павлодар қаласының 99225 аумақтық қорғаныс бригадасы елімізде үздік атанды. Яғни әскери бөлімнің жыл бойы атқарылған жұмысы оң нәтижеге қол жеткізді. Толығырақ тілші сюжетінде.

Павлодар қаласындағы №99225 әскери бөлімі 300-ге жуық келісімшарт бойынша офицерлер мен сержанттардан тұрады. Жыл қорытындысы бойынша аталмыш әскери бөлім барлық көрсеткіштерден жақсы нәтиже көрсетіп, үздік атанды.

Сәкен Шырынханов, Павлодар облысы аумақтық әскерлер бригадасының командирі

ҚР-ның жауынгерлік 20 бригадалардың арасында аумақтық әскерлерінің жеңімпаздары болып табылды. Жауынгерлік, мемлекеттік құқықтық даярлық бойынша өзін көрсетіп ие болды. Айта кетсек, біздің павлодарлық мұнай өндеу зауыты, алюминий зауыты сияқты еліміздің соларды қорғау, жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.

Одан бөлек, әскери бөлім қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, бекеттер мен шекараларды нығайту, апаттық жағдайларда жұмыс істеу міндеттемелері бар. Аумақты қорғаныс бригадаларында 6 әскери мамандық бойынша мамандар дайындалады.

Қазіргі таңда әскери бөлімде қысқы оқу кезеңі өтіп жатыр. Осыған байланысты біздің түсірілім топ аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қару жарағымен танысып, оқу процесіне қатысты. Сценарий бойынша

Қадыржан Сәрсенбаев, 99225 әскери бөлімінің сержанты

Әрбір жылдың басында қысқы оқу кезеңінде 5 желтоқсан 31 желтоқсан аралығында 334 бұйрыққа сәйкес мамандарды дайындау өткізіледі. Мамандар 1 ай дайындау өткізіледі. Бүгінгі таңда әскери бөлімде 6 әскери мамандарды дайындау тобы бар. Ол келесідей топтар: Маман сопер тобы, маман байланысшы, маман медицина маманы, маман атқыштар, бөлімше топтары командирлері бар.

2018 жылдан бері елімізде аумақтық қорғаныс бригадалары құрыла бастады. Ал, Павлодар қаласындағы 99225 әскери бөлімі 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін құрылды.

Самал Қалиқызы